Сенбі, 13 Наурыз 2021 16:27

Шымкенттік мергендер Қазақстан Республикасының V-жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды⠀

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкентте Қазақстан Республикасы V-Жастар ойындарының оқ ату сайысы мәресіне жетті.

Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының құрама командасы 39 медальмен 1-орынды жеңіп алды.Олардың еншісінде 19 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль бар.

1-орын. Шымкент қаласы. 19 алтын,12 күміс, 18 қола.

2-орын.Алматы қаласы. 14 алтын, 19 күміс, 10 қола медаль.

3-орын.Нұр-Сұлтан қаласы. 1 күміс және 5 қола медаль.

Еске сала кетейік, елімізде әр 4 жыл сайын өтетін жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен V Жастар спорттық ойындары Шымкент қаласында өтті. Жарыс спорттың 36 түрінен өтті. Оның ішінде спорттың 6 түрінен – садақ ату, оқ және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика бар.

Жарысқа Қазақстан Республикасының 17 аймағынан спортшылар қатысты.

Жастар спорттық ойындарының мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау; күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты кеңінен енгізу, республика өңірлерінде спортшыларды даярлау бойынша спорттық ұйымдар жұмысының қорытындыларын шығару, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларын жасақтау және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау болды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 520 рет