Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 20:26

Шымкент: «Ордабасының» алты ойыншысы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды

Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов УЕФА Әлем Кубогының іріктеу ойындарына шақырылған ойыншыларды атады.

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Олардың арасында «Ордабасының» да ойыншылары бар: қақпашы - Бекхан Шайзада, қорғаушылар - Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар - Еркебұлан Тұңғышбаев және Эльхан Астанов.

Сонымен қатар, қосалқы құрамда шымкенттіктердің тағы бір ойыншысы - Бағдат Қайыров бар.

Осыған дейін клубтың жартылай қорғаушы Аслудин Хаджиев пен шымкенттіктердің бас бапкерінің көмекшісі Андрей Ферапонтов «Antalya Cup 2021» додасы аясында Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып еді.

 Осы жылы «Antalya Cup» турнирінде қазақстандық командадан бөлек, Болгария, Украина, Солтүстік Македония, Словакия және Өзбекстан сынды құрамалар да бақтарын сынайды.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Әлем Кубогының іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді. 28-наурызда жерлестеріміз Нұр-Сұлтанда Францияны қабылдаса, 31-наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 472 рет