Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарыстың ашылу салтанатында кешенді жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2021 жылғы 26 сәуір – 03 мамыр аралығында «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ату кешенінде Стенд атудан V Жастар спорттық ойындарын өткізу жоспарланған. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда облыстарынан, жалпы 100-ге жуық жас спортшы бақ сынауда.
Осы кешенді жарыс аясында стенд ату спортын танымал ету, спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу мақсат етілген.
Жарысты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат