Волейбол ойынына жалпы 131 мектептен 1572 жас қатысып, ширек финалға шыққан 16 командадан 192 жас бақ сынады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы финалдық сынға №64 және №113 мектептің шәкірттері шыққан болатын. Аса тартысты өткен ойында №64 мектептің шәкірттері жеңіске жетіп, лигада жеңімпаз атанды. Үшінші орынды № 50 мектеп жеңіп алды.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов финалдық сынды тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетті.
Айта кетсек, шаһарда биыл 1 наурыздан бастап оқушылар төрт спорт түрінен – волейбол, футбол, баскетбол және шахмат ойындарынан сынға түсуде. Жобаны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат