Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) Еуропа чемпионатынан кейін рейтинг бойынша бірқатар қосымша лицензиялар бөлді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Рейтинг бойынша қосымша лицензия шымкенттік спортшы, стенд ату бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері Зоя Алексеевна Кравченкоға берілді.
Жыл басынан бері қазақстандық нысана көздеушілер әлем кубогы мен Азия чемпионатында ең жоғары нәтижелерді көрсетті. 10 медаль, оның ішінде 2 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Зоя Кравченко Үндістандағы Әлем Кубогында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеке есепте күміс, командалық «skeet» жаттығуында алтын медальға ие болды.
Бұған дейін қазақстандық мергендер 2019 жылы Катарда өткен 14-Азия чемпионатында 2 олимпиадалық лицензия жеңіп алған болған. Олардың иегерлері – Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату) және Юрий Юрков (оқ ату). Спортшылардың бәрі де Шымкент қаласының өкілдері.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат