Бүгін "Шымкент жастар лигасы" ойындарының соңғы ойыны өтті. Футболдан жеңімпаз команда анықталды. Ақтық ойынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те қатысып, командаларға қолдау көрсетті.
Финалдық ойын № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі мен №58 жалпы орта білім беру мектебі арасында болды. Нәтижесінде 1:0 есебімен № 87 мектеп жеңіске жетті. Ал үшінші орын №3 Улықбек атындағы жалпы орта мектебінің үлесіне тиді.
Жалпы Лигада футбол ойынынан 135 команда бақ сынаған болатын. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті.
Айта өтсек, бұл жоба қалада алғаш рет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Дене шынықтыру және спорт, Білім басқармаларының ұйымдастыруымен қолға алынған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат