Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 16:16

Шымкентте оқушылар арасында футболдан жарыс басталды

Шымкентте 5-6 сыныптың қыздар арасында Ұлттық Мектеп Лигасының «Былғары доп» жарысы басталды.

Онда республиканың әр өңірінен келген 9 команда сайысқа түсуде. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спорт додасының аясы кеңейіп келеді.

Ұлттық Мектеп Лигасының ашылу салтанатына Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен қалалық білім басқармасының өкілдері қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл додаға Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан өңірлерімен қоса Шымкент қаласынан (2 команда) бас-аяғы 9 команда бәсекеге түсуде.

Қазіргі уақытқа дейін шымкенттік шәкірттер Ұлттық мектеп лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 9 түрінен бірінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жергілікті спортшыларға үлкен үміт артып отыр.

Айта кетейік, қыздар арасындағы футболдан жарыс 13 маусымға дейін жалғасады. Осыдан бірер жыл бұрын ғана қолға алынған Ұлттық мектеп Лигасының аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Небәрі 3 спорт түрінен бастау алған байрақты бәсеке қазір он спорттың түрін қамтып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 770 рет