Дүйсенбі, 12 Шілде 2021 09:49

Қазақ күресінен ересектер арасында Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өз мәресіне жетті

Шардара қаласы Спорт кешенінде ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа облыстан 12 команда бақтарын сынады. Жарыста жерелестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 4 қола алқаны қанжығасына байлады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алтыннан алқаны 55 кг салмақта Саят Чапай, 82 кг салмақта Руслан Аллаберді, 100 кг салмақта Қайсар Шамшидинов иеленді.

Күміс жүлдені 90 кг салмақта Зейін Бейсенбай және +100 кг салмақта Кенесары Орынбасар еншіледі.

Қола жүлдені 60 кг салмақта Азамат Айдынғали , 66кг салмақта Қабылбек Нұрманов , 74 кг салмақта Мұса Мекенбай және түйе палуан күрескен Ерболат Есенбаев қанжығасына байлады.

Осы жарыстың үздік спортшысы болу Мұса Мекенбайға бұйырды.

Жалпы командалық есепте 1 орынды Шардара ауданы, 2 орынды Отырар ауданы, 3 орынды Ордабасы ауданы иеленді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 889 рет