Осыған орай балалар мен жасөспірімдердің жазғы уақытта су айдындарында шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облыстық №3 ОРМБЖСМ КММ-сі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және Бәйдібек ауданының әкімімен 4 тарапты меморандум түзілді. Меморандум аясында аудан орталығындағы ұзындығы 25, ені 12, тереңдігі 2,20 метрлік жабық жүзу бассейнінде 60 балаға 2 жаттықтырушы суда жүзудің ережелерінен сабақ беруде. Бұл балалар суға шомылу, жүзу ережелерінің барлық тәсілдерін үйренуде. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 нұсқаушы, құтқарушы жұмыс жасайды. Арнайы киім шешу, жуынатын бөлмелерімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар аудандағы елді мекендерден де балалар келіп арнайы жүзу ережелерін үйренуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда түзілген төрт жақты меморандумға сәйкес аудандағы әр елді мекендерден балалар мен жасөспірімдердің тізімі жасақталуда. Аталған тізімге сәйкес қосымша топ ашылып, әр ауылдардан келген балалар жабық жүзу бассейінінде жаттығатын болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат