Жеңісті сәттердің артында бапкерлердің жемісті еңбегі тұрғаны ақиқат.
Бүгінде Келес ауданының білікті бапкерлерінің маңдай тері ақталып, шәкірттері додадан оза шабуда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 4-6 маусым күндері Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсу елді мекенінде спорттың каратэ-до түрінен жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Дүбірлі додаға қатысқан Келес аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары өз салмақ дәрежесінде топ жарды.
Атап айтқанда: Батыр Аяулым, Абдуғаппарова Динара және Абдуллаев Нұрислам 1 – орынды иеленсе, Ізтілеу Бақыт, Ерматова Аниса, Изтилеу Даулет сондай-ақ Абдухакимов Исламжан есімді жасөспірімдеріміз 2 – орынға жайғасты. Сайыста үздік үштікті Намазбай Сезім, Қалдыбай Бибіауа, Назым Ниет, Толяпбаева Гулзира, Рустемов Салахидин және Скендер Айкерім есімді жасөспірімдеріміз иемденді.
Мұндай турнирлер біздің жас жеткіншектеріміз үшін аса маңызды. Себебі мұндай жарыстар жастарымыздың рухын қалыптастырады, өз отанын, өз туын сүюді үйретеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат