Темірлан ауылындағы Жастар сарайында аудандық Ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығы мен Зағиптар қоғамымен бірлесе отырып, “Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы”, “Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл" толуына орай I,II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен спортшылар арасында ашық спартакиада өтті.
Сонымен қатар, арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, дойбы және шахмат спорт түрлерінен мықтылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, Қажымұқан атамыздың картинасы және мүсінімен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданы III- орынға табан тіресе, Арыс қаласының командасы II- орынды иеленді. Ал, жүлделі I-орынды Ордабасы командалары қанжығасына байлады.
Айта кетсек, Ордабасы ауданының спортшылары бұдан басқа да аудандық спартакиалардан жеңісті жүлдемен оралуды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат