Б.Шомпиев ең алдымен Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде болып, кәсіпкерлік нысан санатындағы "Хиямидин" көп салалы дүкеніне барды. Ол жерде дүкен иесін құттықтап:
"Құрметті Сайбидин Құлтайұлы ! Сізге халыққа қызмет көрсете отырып , ауданымызда Кәсіпкерлік саланы дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін . Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауданымызда көптеген игілікті шаралар атқарылуда . Осындай игілікті істің ұйытқысы бола жүріп , халыққа қызмет көрсетіп , көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз . Сізге зор денсаулық , отбасыңызға амандық , жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін"- деп дүкен иесіне аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
Сонымен қатар жиында ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, өз құттықтауларын жеткізді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 18 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде.
Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Шардара қаласындағы Өтеғұл елді мекеніне барып, аудан әкімдігі қаражаты есебінен жергілікті тұрғындар үшін салынған (футбол, баскетбол, үстел тенисі) спорт алаңшасының лентасын қиды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жаңадан ашылып отырған спорт алаңшасы жастарымыздың дене тәрбиесімен, спортпен айналысуына, олардың шеберлігін арттыруға және одан әрі шыңдалуына жағдай жасайтынын жеткізді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат