Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақ күресінен өткен спартакиадаға облыстан 12 командасы бақтарын сынады. Олардың арасында Кентау қаласының палуандары да күш сынасты.
Ала алаша да белдескен жерлестеріміз қарсыластарынан оза шығып, 1 алтын, 2 күміс алқаны қанжығаларына байлады. Тартысты белдесуде мықтылық танытқан 74 келі салмақпен Мұхтар Алипов І орынды,
82 келі Бағдат Иса пен 66 келі салмақтағы Джохар Абдраимов ІІ орынды қанағат тұтты.
Үшінші рет облыс деңгейінде өткен жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға насихаттап, облысымыздағы мықты спортшыларды анықтау. Кентау қаласының намысын қорғаған палуандардың жақтықтырушылары Самат Аргинбаев пен Қанат Арғымбаев.
Осы жарыстың үздік спортшысы болу Мұса Мекенбайға бұйырды.
Жалпы командалық есепте 1 орынды Шардара ауданы, 2 орынды Отырар ауданы, 3 орынды Ордабасы ауданы иеленді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат