Оны Бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қолдауымен жүзеге асқан.
Бұл жобаны облыста алғашқы болып Кентаулықтар жүзеге асырды. Осының аясында тұрғындар өз аулаларында кәсіби жаттықтырушылар мен ақысыз негізде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болды.
"Спорт өз аулаңда" деп аталатын жаңа жоба тұрғындардың көңілінен шықты. Бүгінде жаттығушылардың саны артып келеді.
Айта кетейік, Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жазғы демалыстарын тиімді өткізуді негізге алған.
Маусым – қыркүйек айлары аралығында қаламызда орналасқан саябақтар мен көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы спорттық алаңшаларда бұқаралық спорт түрлері ұйымдастырылып отырады. Жалпы барлық спорттық іс – шараға қатысқан жасөспірімдер тиісті дәрежедегі диплом, медаль және сыйлықтармен марапатталатын болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат