Қазақ ұланы, сайрамдық былғары қолғап иегері Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өрені Галал Яфаймен кездесті.
Алғашқы раундта британдық боксшы өте белсенді болған. Бірақ сергек әрі сауатты әрекет еткен Сәкен адуынды қарсыласын қарымта соққылармен күтіп алып жүрді. Әттеген-айы, бірінші раундта Сәкен ногдаун алып қалды. Дегенмен екінші және үшінші раундтарда Сәкен үнемі шабуылдап, басым болып тұрды. Соқылары да дөп тиген. Төрешілер олай ойламапты.
Нәтижесінде Яфай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Сәкен Бибосынов — Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны. Ұлттық құрама мүшесі. Отандасымыз Токио төрінде 4 кездесу өткізді. Ол Пуэрто-Рика, Франция, Испания боксшыларын жеңді. Жалпы Түркістан облысынан Токио Олимпиадасына 5 спортшы аттанған болатын. Солардың бірі қола медальға ие болып, сенімді ақтады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат