Сенбі, 20 Қараша 2021 16:02

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында садақ атудан финалға шықты

Бангладеште өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар командасы алғашқы медалді жеңіп алды.

Классикалық садақ ату бойынша Үндістан командасымен кездесіп, 220 : 208 ұпаймен қола медаль иегерлері атанды.

Шымкенттен талай спорттық додаларға түсіп, ел намысын қолдан бермеген спортшымыз Юнусова Роксана да бар.

Сондай - ақ, спортшы қыздарымыз II кезең бойынша аралас жұптық сайыста III орынға Иран спортшыларымен бақ сынасатын болады.

Қазақстан ерлер командасы блоктық садақ атудан финал төріне жайғасты. Командалық жарыста жерлес спортшымыз Карабаев Акбарали біріншіліктің топтық жарысында бақ сынасады.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 671 рет