Сенбі, 04 Желтоқсан 2021 18:57

Түркістан: Шардаралықтар әлем чемпионатында Әнұранымызды 25 рет шырқатты

Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында армрестлингтен 42-ші әлем чемпионаты аяқталды.

50 ге жуық мемлекеттен кіл мықтылар жиналған байрақты бәсеке алты күнге созылды. Ересектер арасында ұлттық құрама сапында сынға түскен Түркістан облысының спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 55 келі салмақта Нұрмахан Ердәулет топ жарса, 60 келіде Ерсайын Мейрамбек және 65 келіде Сарыбай Ердәулет барлық қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

75 келіде Шамиев Мағжан мен 100 келіде сынға түскен Тағабаев Берік күміс алқаны иеленсе,

55 келі салмақта Абсаттар Даурен қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша “Шардара армспорт” клубының өрендері жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында жалпы 25 алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

 

Оқылды 1625 рет