Жексенбі, 26 Желтоқсан 2021 15:03

Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылдың қаңтарындағы барлық турнирлерді тоқтатты

Халықаралық хоккей федерациясы қаңтардағы барлық турнирлерді, соның ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасы қатысатын турнирлерді де тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі қазақстандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық хоккей федерациясының медициналық комитетінің ұсыныстарына сәйкес ұйым кеңесі 2022 жылдың қаңтарына жоспарланған федерацияның құзырындағы барлық турнирлерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қатысуымен 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы өтетін әлем чемпионаты да бар. 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы турнирлерден басқа, екінші дивизиондағы В тобындағы, сондай-ақ үшінші дивизиондағы жастар арасындағы чемпионаттар да тоқтатылды.

Барлық аталған турнирлерді лиганың міндеттемелеріне байланысты ауыстыру мүмкін емес екені хабарланды.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1698 рет