Жұма, 01 Шілде 2022 11:52

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл Шымкентте «Шымкент жастар лигасы» жобасы екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы бұл шараға 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жастар арасындағы жарыс үш ай көлемінде спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен өтті. Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. Теңгені құрады. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды. Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды.. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік,  2022 жылдың 5 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 312-алтын, 271–күміс, 310–қола медаль жеңіп алған.

Тарқатып айтар болсақ, шымкенттік спортшылар жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 31–алтын, 9–күміс және 16-қола медальдарға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1-алтын, 1- күміс және 2-қола медальге ие болыпты. Сондай-ақ, рейтингтік Халықаралық турнирлерде спортшыларымыздың жетістігі орасан.
2022 жылдың 01-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул /Бразилия/ қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медаль (Рсалы Сабыржан еркін күрестен)  және 5 орынды  (Пернеш Шадияр еркін күрес) иеленді. Оқушылар арасында Франция мемлекетінде (Нормандия қаласы) спорттың 21 түрінен өткен Дүниежүзілік жазғы гимназиядаға Шымкент қаласынан 22 спортшы 11 спорт түрінен қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алыпты. 2022 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша  3-Еңбегі сіңірген спорт шебері, 27- халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 197 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Оқылды 1027 рет