Жұма, 23 Қыркүйек 2022 18:21

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақ күресінен Сайрам ауданында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнир өтті.

Тартысты додаға облыстың аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақ күресін насихаттау мақсатында өткен шарада 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Түйе балуандар арасында бас жүлдеге қол жеткізген балуан Түркістан қаласының тумасы Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы «Nexia» автокөлігінің иесі атанды.

Екінші орынды да жерлесіміз Әбдіғани Бибарыс иеленді.

Екі жеңімпаз да Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің спортшылары.

 

Оқылды 276 рет