2022 жылдың 20-22 қазан күндері аралығында Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде қазақ күресінен қалалық ашық біріншілік өтті. Шара Түркістан қаласы әкімдігінің мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «2022 жыл – Балалар жылы» аясында, «25 қазан Республика күні» мерекесіне орай, «Қала күніне» арналды. Шараға 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер қатысты. Екі күнге созылған Түркістан қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сарсенбаев Ануар Амантайұлы және Атырау облысы ұлттық спорт түрлері Көкпар спортының аға бапкері Күнпейов Төлеген жеңімпаз спортшыларды арнайы грамота, медальмен марапаттап құттықтады.