Дүйсенбі, 17 Сәуір 2023 09:19

Шымкент жастар лигасы аясында қыздар арасында волейболдан жарыс өтті

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.

Жобаның мақсаты - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.

Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеген сәйкес спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.

Бүгін Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті. Атап айтқанда:

Әл-Фарби ауданы бойынша:

1. [А-тобы] - №47 мектепте - №17 және №47, № 9 және №11

2. [В-тобы] - №18 мектепте - №8 және №18, №14 және №35

3. [С-тобы] - №64 мектепте - №76 және №75, №6 және №76

4. [Д-тобы] - № 62 мектепте - №1 және №62, №20 және №7

Абай ауданы бойынша:

[А-тобы] - №86 мектепте - №5 мен №81, №87 мен №50

[В-тобы] - №133 мектепте - №78 және №3, №122 және №26

[С-тобы] - №137 мектепте - № 66 және №95, №95 және №137

[Д-тобы] - №23 мектепте - №136 және №56, №125 және №60

Шымкент жастар лигасы – қаламыздағы ең танымал, табысты әрі нәтижелі жобалардың біріне айналып отыр. Ол бүкіл республика бойынша бірегей әрі үздік жобалардың бірі атанып, кең қолдауға ие болды. Былтыр өткен үшінші маусымға 138 мектептен 6 мыңға жуық оқушысы қатысты.

 

 

Оқылды 488 рет