Бейсенбі, 20 Сәуір 2023 17:33

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында футболдан жарыс басталды

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтуде. Абай ауданына қарасты «Буревестник» спорттық алаңында бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтіп жатыр. Оған №42, №55, №3, №78 жалпы орта білім беретін мектептерден 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысты. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес спорттық кешенде Б тобының спортшылары кездесті.

–Биыл үшінші жыл «Шымкент жастар лигасы» жобасы жүзеге асып жатыр. Аталған жобаға Шымкент қаласының төрт ауданынына қарасты 151 мектептен қатысуға өтініш білдірді. Мектепаралық сайыста баскетбол, волейбол, шахмат, футболдан сайыс өтеді. Жаз мезгілінің бірінші айында «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші туры қорытындыланады. Осы орайда, жеңімпаз командаларға демеушілер есебінен 80 млн. теңге берілетін болады. Яғни, әр спортқа 20 млн. теңге бөлінген, – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.

Қазіргі таңда Абай ауданының мектепаралық футбол сайысына іріктеу кезеңі өтуде. Әр ауданнан төрт мектеп жеңімпаздары 1/16 финалына жолдама алады. 16 команда арасындағы ойында финалға өткендер шілде айында анықталады. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр футбол бойынша — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиманзияның командалары лиганың чемпионы атанды. Былтыр жарысқа Шымкенттегі 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысқан болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 80 миллион теңгені құрады. Бұл дегеніміз әр спорт түрі бойынша жеңімпаз атанған командаларға 20 миллион теңгедей сыйлық табыс етілді. Ойын түрі - төртеу. Футбол, баскетбол, волейбол және шахмат.

 Жобаның ерекшелігі мемлекет қазынасынан бір тиын да бөлінбеген. Тек мегаполис кәсіпкерлерінің демеушілігімен ұйымдастырылған. Нәтижесінде, алты мыңға жуық мектеп оқушысы бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен айналысты. 

 

 

 

 

Оқылды 432 рет