Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына іссапармен барды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданының тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аумақта елді-мекендерді ауызсу мен газбен қамтамасыз ету мәселесі жүзеге асуда. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, күл -қоқыстан тазартып, заңсыз қоршаулар мен құрылыс нысандарынан арылту жұмыстары жүргізіліп жатыр.