Келестік кәсіпкер Қытай сапарынан соң цех ашты
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы сапары барысында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, оларды дамыту жолдарын қарастырды.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы сапары барысында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, оларды дамыту жолдарын қарастырды.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы барды. Іссапар барысында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті.
Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков атындағы оқу залы ашылды. Залдың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен зиялы қауым өкілдері, журналистер, оқырмандар және кітапханашылар қатысты.
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы, профессор, доктор Нуман Куртулмуштың қатысуымен «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» тақырыбында кездесу өтті.
Биыл Шымкентте 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында полиция Департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтың қатысуымен баспасөз брифингінде айтылды.
Бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында полиция Департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиын барысында, полиция полковнигі ағымдағы жылдың 5 айында мегаполистің полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Полиция полковнигінің сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген құқық бұзушылықтар 28,6 %-ға азайған. Қабылданған шаралар және профилактикалық жұмыстар нәтижесінде, бірқатар негізгі қылмыс түрлерінің саны едәуір төмендеуіне қол жеткізілді. Оның ішінде атап өтетіні: пәтер ұрлығы – 23,6 %-ға, мал ұрлығы – 66,7%-ға, алаяқтық – 34,1%-ға азайған.
Ал, аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстардың ашылымы 100,0 пайызды құрады, - деді Арман Бейсенбаев.
Профилактикалық бағыттағы жұмыстарға басымдық берілуі нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 29,1 пайызға, көшелерде жасалғандар 26,8 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағылар 23,1 пайызға, кәмелетке толмағандармен жасалғандар 23,1 пайызға азайған.
Ал, жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Оның ішінде, 378 құқық бұзушылық жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл-көтеру орындарында болу, 4048 құқық бұзушылық олардың үйден тыс ата-ана немесе заңды өкілінсіз жүруі, 27 құқық бұзушылық жасөспірімдердің қоғамдық орындарда алкогольді мас күйінде жүруі болып табылады.
249 кәмелетке толмағандар мен 138 жайсыз отбасылар есепке алынды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына 11 материал жолданып, оның шешімімен 3 жасөспірім Тараз қаласындағы арнайы мектепке жіберілді, қалғандары бойынша жақын күндері шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 323 бала орналастырылды.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы органмен, қалалық білім басқармасымен бірлесіп жүргізуде.
Тамшылатып суару және элиталық сорттардың тұқымын себу негізінде мақта-тоқыма кластерін құру – мақта өсіру алаңын қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Ал жаңбырлатып суару машиналарының өндірісі экстенсивті ауыл шаруашылығындағы жер аумағын азайтуға және ылғал сүйгіш дақылдардың өнім көлемін ұлғайтуға жол ашады.
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Ақберді елді мекеніне барып, «Нұрасыл» фермерлік қожалығының жұмысымен танысты.
Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, аудан басшысы Арман Абдуллаев қатысты.