Шымкент: Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара өтті

«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар шеруі ұйымдастырылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

Шымкентте балалар күні мерекесі аталып өтті

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы балалар шығармашылығын дамыту мақсатында мерекелік іс-шарасы өтті. Іс шараға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков балаларды құттықтап, өнерін тамашалады.

Шымкентте орман қорларына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жүргізіледі

Шымкент қаласы бойынша өрт қауіпті кезеңде орман аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген.

«Казавияқұтқару» АҚ-ның тікұшақтарымен су алу үшін Бадам, Тогуз, Ақжар, Текесу су қоймалары су айдындарының кординаттары бекітілен.
Департаментте ашық ғаламтор желісіндегі «Қазақстан Ғарыш сапары» сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Шымкентте орман қорын өрттен қорғау мақсатында 20 жеке құрам дайындыққа келтірілді

Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары өрт оқиғасы жиілеп кетті. Мәселен, Шымкент қаласында жыл басынан бері 93 өрт тіркелген. Бұл сандар былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Материалдық шығын 247 млн. 555 мың теңгені құрайды. Ал, тұрғын үйлер мен көліктердің жану жағдайлары бойынша 289 оқиға орын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде кеңінен айтылды.

Шымкент: Қала әкімі кезекті рет бірқатар нысандарды аралап көрді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кейбір нысандарда болып, жаяу аралап, жұмыс барысымен танысты. Алдымен қала әкімі «Шымкентсити» шағынауданында болды. Қазіргі таңда «Шымкентсити» шағынауданында жаңа саябақты абаттандырудың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Әкім осыған орай жұмыстың қарқынын бағамдады. Сонымен қатар, «Tulip Hall» көпфункционалды орталығын пайдалануға беру дайындығымен танысты . Әлі де болса кейбір анықталған кемшіліктерді байқаған қала басшысы салалық басқарма басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне тез арада жоюды тапсырды. 

Шымкентте: «Халық заңгері» акциясы өтуде

Шымкенттегі Арбат алаңында басталған жалпыреспубликалық акцияға қала тұрғындары белсене қатысып жатыр. Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:00-де еліміздің барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын өткізу жоспарланған.

Шымкент: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтанрдырудың тиімділігі артты

Шымкентте тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Бүгінгі таңда 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 220 731.