Шымкент: 156 жекеменшік медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді

МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Шымкент қаласында 2022 жылы 130 ұйым қызмет көрсеткен болса, бүгінгі таңда 190 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, 156-сы жекеменшік медициналық ұйымдар. Ең бастысы халықтың таңдау құқығы бар.

ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» жаңа заңы күшіне енбек

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты.

Шымкенттік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

 

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталып және олардың жетекшілеріне құрмет көрсетілді. «AUEZOV UNIVERSITY»: БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫ - 2024» атты жеңімпаздар үшін арнайы ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада республикалық додаларда топ жарған оқу ордасының 100-ге жуық студенті Алғыс хатпен марапатталды.

Шымкент: 2-10-20, 5-10-20 мемлекеттік бағдарламалардың ипотекалық бағытына өтінімдер қабылданады

30 мамыр сағат 10:00 бастап Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 2-10-20, 5-10-20 ипотекалық бағыттары бойынша өтінімдер брондау арқылы қабылданады. Бағдарламаларға тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санаттарына қарай қатыса алады.

Биыл 3732 шымкенттікті кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарда бар

Биыл қалада 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, бүгінге дейін нақты оған 12 мың адам қатысқан. Оған қоса, 26,4 мың адамды жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау көзделіп, есепті кезеңде 4,9 мың адам жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева айтты. 

Сауран – ынтымақ пен татулықтың мекені

Бейбітшіліктің негізі, түп-тамыры - xалықтың бірлігінде, біртұтастығында. Елімізде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері болса, Сауран ауданында 10-нан астам түрлі этнос өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Сауран ауданында мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда.

Сауран ауданы: Үшқайық ауыл округінде этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайтуға арналған келелі жиын өтті

Үшқайық ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы, “Қоғамдық келісім” мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Серікұлы, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті дербес бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Сауран ауданы: биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінің қатысуымен 30 іс-шара өткізілген

Қазіргі таңда Сауран ауданында 10-нан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Этнос өкілдері бір шаңырақ астында тірлік қылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Тарихи топырақта бой көтерген Сауран ауданының құрылғанына да 3 жылдан аса уақыт өтті. 2021 жылдан бастап, өзбек этно-мәдени бірлестігімен қатар, Ассамблея жанындағы «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі», облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалы құрылып, этносаралық татулықты нығайтуда белсенді жұмыс атқарып келеді.

Сауран ауданы: Ескі Иқанда «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты жиын өтті

Бүгін Ескі Иқан ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл бақыт ел үшін» атты шара ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Шымкент: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыстар оң нәтиже беруде

Шаһарда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда, ишандардың есімін анықтаған. Оның ішінде, 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым.Тағдыр.Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.