Түркістан облысында жібек кластері дамитын болады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданында тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жібек кластерін дамыту мақсатында тұт ағашатарын отырғызуға болатын ауданның теңгеріміндегі 31,8 гектар жер қарастырылып отыр.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалдымен кездесуде жетісайлық тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен кездесуі жоспарға сай өтіп жатыр. Бұл жолғы халықпен кездесу Жетісай ауданында өтті. Тұрғындармен басқосуда аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жетісай ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы айтты.

Түркістан: Жетісайда облыс әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді

Облыс тұрғындарын алаңдатқан мәселелер үнемі назарда болады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іссапары аясында жеке қабылдау өткізді. Жетісайлық азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауаптыларға заң аясында шешу бағытында нақты тапсырма жүктеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, оңтайлы шешілуіне атсалысты.

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ДА ОРТАҚ ІСТЕ БІРЛІГІМІЗДІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында «Достық мекенінің тұрғындары» атты көпұлтты өкілдер тұратын көше тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 600 ге жуық тұрғын қатысты. 

Түркістан облысында тұқымбақтар аумағы ұлғайып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыста арнайы замануи тұқымбақ ашу бойынша тапсырма берілген. Бүгінде өңір басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, басқарманың орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Ресей, Өзбекстан және еліміздің басқа да облыстарына барып, тәжірибе алмасқан болатын.

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры - Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты. 

Түркістан: аппарат басшысы Beeline компаниясының өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі интернет желісінің сапасын жақсарту және шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында тиісті басқарма тарапынан операторлармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.