ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ШЫМКЕНТТКЕ КЕЛДІ

2024 жылғы 1 мамырда Премьер-Министрдің отандық өндірісті қолдау бойынша тапсырмасы аясында вице-премьер Серік Жұманғарин Шымкентке барып, жұмыс істеп тұрған ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен және құрылыс барысымен танысты. 

ШЫМКЕНТТЕ 15 ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі күні Шымкент қаласы аумағында жалпы 114 тарихи-мәдени мұра нысандары бар. Олар: 30 археологиялық, 56 монументтік өнер құрылыстары, 11 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері болса, 2 нысан киелі орындар қатарына жатады. Аталған 114 тарихи-мәдени мұра нысандарының 7-еуі республикалық, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында, республикалық және жергілікті маңызы бар 15 тарихи және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени мұра нысандарының жай-күйін бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. 

ШЫМКЕНТТКЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕАТРЛАРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және мұрағаттар басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясында мәлім болды. 

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты.

Түркістан: медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты.

Түркістан: экологиялық талапты сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершіліктен құтылмайды

Түркістан облысында 41 ыстық су ұңғымасында 69 жекеменшік монша бар. Атап айтсақ, Сауранда – 5, Түркістан қаласында – 2, Арыста –11, Отырарда –15, Қазығұртта –2, Бәйдібекте –1, Келесте –12, Сарыағашта –12 және Ордабасы ауданында 9 монша тіркелген. Олардың бәрі экологиялық талаптарды сақтаған ба? Бұл сұрақ аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге жауапты басқарма басшысы мен мекеме өкілдерінің есептерін, ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан облысында 201 мың көшет отырғызылып, 317 мың ағаш әктелді

Абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын сапалы жүргізбеген аудан, қала әкімдерінің жұмысына кезекті рет сын-ескертпе айтылды. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе арнайы қаралды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де өз деңгейінде жүйеленбегенін айтып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

Түркістан: Ордабасы ауданындағы әлеуметтік нысандар бақыланып, жеке қабылдау өткізілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, ондағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Аудан әкімі Азат Оралбаев денсаулық және білім нысандарының жұмыстарын таныстырды.

1 мамырдан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлік саласында не өзгерді?

Қала әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, Бозарық шағын ауданына қатынайтын №9 бағытына жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, қосымша 2 кесте қосылды. Яғни, енді 10 автобус 23 минуттық интервалмен жүреді. 

Халықтың баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында

Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам азамат үй кезегіне тіркелген. Олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астамы тіркеуден шығарылды. Бүгінде баспанаға мұқтаж 63 мыңңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша осы және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналысында талқыланды. Баспана мәселесін шешу облыс басшысының тікелей бақылауында.