Отырар ауданы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Сейтқұлдың төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарда санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бағытталған кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Созақ аудандық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты шешімдер қабылданды

Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді. Күн тәртібінде сегіз мәселе қаралып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты шешімдер қабылданды.

Шымкентте қауіпті жүрек аритмиясын емдеудің жаңа әдісі алғашқы нәтижесін көрсетті

«Шымкент жүрек орталығында» Қазақстанда алғаш рет енгізілген жүрек ырғағы бұзылыстарын емдеудің жаңа әдісі – импульстік-өрістік абляция (Pulsed Field Ablation, PFA) бүгінде тәжірибеде белсенді қолданылып, алғашқы пациенттер оның шапағатын көре бастады. Заманауи технология күрделі аритмияға шалдыққан науқастарды қауіпті асқынулардан қорғап, қауіпсіз әрі дәл ем жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.Жоғары технологиялы медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілуде.

Түркістан қаласында Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті

Астана күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде еліміздің белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Кеш барысында сахна төрінде әсем ән шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Түркістан тұрғындары мен қала қонақтары елорданың мерейлі мерекесін бірге атап өтіп, өнер кешінің сәнін келтірді.

Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Жаңа Конституцияны насихаттауға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі саналатын университетте бүгінде 22 мыңнан астам студент бар. Сондықтан, мұнда қоғамдық-саяси тақырыптардың жастар арасында кеңінен талқылануының маңызы зор.

Отырар ауданы: 2026 жылдың алғашқы алты айындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу қорытындылары қаралды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіне сәйкес алғашқы мәселе бойынша ауданның 2026 жылдың алғашқы алты айындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу қорытындылары қаралды.

Түркістан қаласында ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды

Түркістан қаласында алғаш рет ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР жекелей және командалық чемпионаты өтуде. Бүгін аталған жарыстың ресми ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті, бас хатшысы Мадина Астамирова, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асқар Кадиров және Түркістан облысы ауыр атлетика федерациямының президенті Алмасхан Жамбаев қатысты.

Созақ аудандық орталық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытындағы жобалардың бірі – «Созақ аудандық орталық ауруханасы» ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Кентау: Хантағы ауылында жаңа футбол алаңшасы пайдалануға берілді

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында заманауи салынған жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.