Шымкентте биыл демалыс орындарының қатары артпақ

Қалада жасыл желектер аумағын ұлғайту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралау барысында Абай, Еңбекші аудандарының тұрғындарымен кездесіп, жаңа гүлзарлардың жобаларын пысықтады, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Шахматтан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Бүгін Шымкент қаласында өткен шахматтан балалар арасындағы Ел біріншілігі аяқталып, марапаттау рәсімі болды. Жабылу салтанатына арнайы шақырылған мәртебелі қонақтар және жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Жабылу салтанаты барысында Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Ел біріншілігі жөнінде пікірін білдірді.

Шымкентте базарларды модернизациялау, ретсіз саудамен күрес шаралары пысықталды

Бүгін қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында базарларды модернизациялау, ретсіз және заңсыз саудамен күрес мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН, 104 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында жалпы 412,1 МВт электр энергиясын өндіретін 26 электр көздері бар. Оның ішінде, «Шардара СЭС» АҚ – 126 МВт, «Кентаусервис» МКК – 7,5 МВт, 24 жаңартылатын энергия көздері – 278,6 МВт. Өткен жылы өндірілген электр энергия көлемі сағатына 992,8 млн кВт болса, биыл 1020,0 млн кВт-қа жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Облыс басшысы жауапты сала башыларының жұмысын сынға алып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 %-ға төмендеген. 2023 жылы жалпы 129,5 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізілуде.