Түркістан облысы: Мақтааралда мақта талшығын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады.
Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады.
2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жастарға жағдай жасап, оларға көмек беру болатын.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялықорталығыныңалаңындаШымкентқаласыТұрғынүйбасқармасыныңбасшысыЖанатӨтебаеваева мәдімдеді.
Жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.
2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.
Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;
Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
Тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;
Иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.
Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.
Айта кетейік, тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек. 2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа тұрғын үй субсидиясы берілді. Азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануы үшін басқарма тарапынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге мониторинг жұмыстары жүруде. Мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Тұрымбетова Айгүл Мелесқызының қатысуымен қала аумағында тұмауға қарсы егу жұмыстары басталғандығы туралы өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
«Қалада 2022-2023 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде мектеп оқушылары арасында ЖРВИ мен тұмаудан топтық аурушаңдық тіркелмеген.
Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. Шымкент қаласының тұрғындары арасында ЖРВИ аурушаңдығы жыл мезгіліне қарамай тіркелуде. Ауырғандардың ішінде басымы 14 жасқа дейінгі балалар (61,7%)», - деді спикер.
Спикердің сөзінше, өткен эпидемиологиялық кезеңде (2022 жылғы қазан айы мен 2023 жылғы сәуір айы аралығында) тұмаудың нақтыланған 93 жағдайы тіркелді, тұмаудың А түрі басым болды. Қалада тұмаудан басқа вирустар да таралуда. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 244 сынама тексерілді, оның ішінде 77 сынамада (31,5%) оң нәтиже анықталды, риновирус – 28, аденовирус – 3, коронавирус - 6, метапневмовирус – 2, РС вирус – 13, парагрипп – 25.
2023 жылы эпидемиологиялық маусым 01-қазаннан 2024 жылдың 30-сәуір аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы және эпидемиологиялық ахуалдың өршитін кезі.
Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың 12,6% жететін «Гриппол+» вакцинасы (Ресей өндіруші) алынды. Ағымдағы мерзімде тұмауға қарсы егу ҚР БМСД 11.09.2023 жылғы «Тұмау және ЖРВИ жөніндегі 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» №6 қаулысының талабына сай осы жылдың 1 қазан айынан бастап бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде салынады.
ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.
Баспасөз конференциясында Айгүл Мелесқызы ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан болатын ауру түрлеріне де толық тоқталып өтті.
«ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу. Тұмауға қарсы екпе – медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балаларына, қарттар үйлерінің контингенттеріне, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдерге, эпидемиологиялық көрсетіліммен егіледі», - деді А.Тұрымбетова.
Сонымен қатар тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін тіркелген емханада жүргізіледі.
Тұмау, ЖРВИ, ТҰА, АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде және COVID-19-дың клиникалық белгілерімен медициналық ұйымдарға (емханалар, стационарлар) жүгінген пациенттерге, жансақтау мен қарқынды терапия бөліміне АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерге тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың және COVID-19-дың вирустарына зертханалық тексерулер жүргізіледі.
Бүгін Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында техникалық реттеу мәселелері бойынша көшпелі кеңес ұйымдастырылды.
Оған ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық кәсіпорны Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Кеңесте Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері және техникалық реттеу саласындағы инновациялар бойынша қазіргі ахуал талқыланды. Сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы өзгерістер мен жоспарлар айтылды.
Жиын барысында «Қазақстан стандарттау және метрология институты« РМК Түркістан облысы және Шымкент қалалары бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев өз баяндамасында жаңа регламенттерді айтып өтті.
–Бүгінгі таңда техникалық реттеу — ішкі нарықты реттеудің заңды механизмдерінің бірі. Яғни, ол экономиканы реттеу құралы болып табылады. Техникалық реттеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін шеше отырып, нарыққа, жекелеген кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ халықаралық саудаға айтарлықтай әсерін тигізеді. Заманауи бизнесті жүргізу заманауи тәсілді талап етеді. Әсіресе, бұл өзекті болған құрылыс саласына қатысты. Балалар алаңдарының қауіпсіздігі мен талапқа сәйкестігіне байланысты регламенттер аталып өтті. Тұрғын үйдің қауіпсіздігі мен оның беріктігі құрылыс материалдарының сапасына байланысты. Кәсіпкерлерге мұнан басқа, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптары түсіндірілді, – деді С.Бейсеев.
Кеңес барысында құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс өнімдерін сатушылар үшін техникалық реттеу, өнімді айналымға шығару кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау, стандарттау саласындағы аккредиттеу, бағалы металдар мен асыл тастарды сату кезіндегі заңнама талаптары туралы айтылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін қызықтыратын мәселелер де талқыланып, сауалдарға жауап алынды.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Мұсаева Балкүміс Балсейітқызы баспасөз конференцияда айтты.
«Шымкент қаласы Республика көлемінде сібір жарасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Жыл сайын қалада сібір жарасы ауруы жағдайлары тіркеледі: 2019 жылы - 1 жағдай, 2020 жылы - 3 жағдай, 2021 жылы - 6 жағдай, 2022 жылы мен 2023 жылдың 8 айында аурушаңдық тіркелмеді», - деді спикер.
Спикердің мәлімдеуінше, сібір жарасы (күйдіргі) – антропозоонозды жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – (Bacillus anthracis) бактериялары. Сібір жарасының қоздырғыштары адам мен жануарлардың ағзасынан тыс жерлерде споралар түзуге қабілетті және олар сыртқы ортаның физикалық-химиялық әсерлеріне өте төзімді, қоршаған ортада жүз жылдап сақталады.
Сібір жарасының адамдарға жұқтырушы көзі – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы, бұғы) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбіне жанасу арқылы (малды сою мен өңдеу кезінде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішкенде жұғады. Сонымен қатар, ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Биыл жаз өте ыстық болуына орай жайылымда шөп тез қурағандықтан, малдар ластанған топырақтан сібір жарасын жұқтыруы әбден мүмкін. Адамдар ауру малмен, ауру малдың еті және ет өнімімен қатынаста болғандар ауырады. Ауру адамнан адамға жұқпайды.
Сібір жарасының белгілері мен аурудың ағымы: ауру теріні зақымдайтын және сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдайтын түрде өтеді. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік түрінде бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсис түрінде 6-8 күнге дейін созылады. Аурудың терілік түрінде қабыршақ (карбункул) айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көмір тәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндері ұлғаяды. Адамда ауру жиірек жағдайда терілік түрі болады.
Аурудың сепсис түріне ұласуы (теріден тыс түрі) қоздырғыштың тыныс алу, асқазан-ішек жолдары арқылы енген жағдайында дамиды. Терілік түрінің сепсиске ұласуы сирек кездеседі. Дер кезінде емделмеген жағдайда ауру өлім жағдайымен аяқталады. Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет.
Сібір жарасының алдын алу.
сайын ауруға қарсы мал шаруашылығымен айналысатын, ет және ет өнімдерін өңдейтін (етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар) мал соятын, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, бактерияның тірі қоздырғыштарын зерттейтін зертханашылар вакцинацияға жатады.
Сонымен қатар егумен үй жануарлары да егіледі. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, адамдар мен жануарлар да егілуі керек. Декреттелген топтағы адамдар мен жануарлар дені сау кезде тегін егу жүргізіледі. Күздің келуіне орай, жіліктеп соғым алар алдын ет пен ет өнімдеріне тек ветеринарлық дәрігердің берген анықтамасы болғанда ғана алуға болады.
Мал өлген жағдайда тиісті құзырлы мекеменің мамандарына хабарлап, өртеп, жойған дұрыс. Сібір жарасымен ауырған мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Осы жағдайға орай, қала аумағында кезінде сібір жарасымен ауырған малдар сойылып, қаны тамған жерден қоздырғыштың анықталуына байланысты 8 стационарлық қолайсыз бекеттер бетонмен қоршалып, белгіленген.
Сонымен қатарауру малдарды көметін мал қорымдарының айналасында санитариялық қорғау аймағы ретінде 1000 метрден кем емес қашықтықта жер телімдерін пайдалануға тиым салынатыны да ескертіледі!
Аурудың алдын алу мақсатында осы белгіленген жерлерде мал бағуға және шарауашылық жұмыстарын жүргізуге тиым салынатыны тағы да ескертіледі!
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейірханұлының қатысуымен2023 жылдың 9 айында ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
«Шымкентте эпизоотиялық ахуал тұрақты. Қала аумағындағы 8 сібір жарасы көмінділері топографиялық картаға түсірілген, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпарат жүйесінде (АИС ГЗК) тіркелген, мемлекеттік актілері алынған, айналасы талапқа сай 5 ш/м, 1,5 метр биіктікте бетондалып, арнайы «Сібір жарасы» деген жазуы бар белгілер қойылған. Сондай-ақ 9 мал қорымдарының (биотермиялық шұңқыр (7 типтік үлгіде, 2 қарапайым)) аумағы биіктігі 2 метрден кем емес дуалмен және бөгде адамдар мен қаңғыбас жабайы жануарлар кіре алмайтындай етіп арнайы қақпа орнатылған. Барлық биотермиялық шұңқырлар ветеринариялық талаптарға сай және мемлекеттік акті құжаттары рәсімделген. Шымкент қаласы аумағындағы сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сонымен қатар аталған ветеринариялық объектілерді су алу қаупі жоқ», - деді басқарма басшысының орынбасары.
Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларына қарсы вакцина егу және ветеринариялық зерттеуге қан сынамасын алу, сырға салып, ветеринариялық паспорт беру, кенеге қарсы залалсыздандыру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын «Ветеринариялық қызмет» МКК жүргізеді.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық (бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, аусыл т.б) зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық (құтыру, аусыл, сібір жарасы, қарасан, күл т.б) егу жұмыстары жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда.
Атап айтқанда, жыл басынан эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала аумағындағы 1 045 216 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде «Сібір жарасына» қарсы 54 050 бас МІҚ, 56 750 бас уақ малға, 10 бас-түйе, 7 000 бас жылқыға, 1 500 бас шошқаға егу жұмыстары жүргізілді.
Осы жылы 19 699 бас уақ малдан, 14 422 бас ірі қара малдан, 2 189 бас жылқыдан, 784 бас шошқадан алынған төлдер сырғаланып, құжаттандырылды.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Осы Жарлық бойынша Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде тұратын көп балалы 2 анаға күміс алқа тапсырылды. Бұл мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдауға үздіксіз қолдау көрсетудің бір ғана көрінісі.
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туған жерге оралды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысының жеңімпазы Зухра Ирназарова, ұлттық құрама сапында күміс жүлдегер Фатима Ирназарова, стенд атудан скит бағдарламасы бойынша жеңімпаз Зоя Кравченко, нысана көздеуден қола жүлдегер Никита Чирюкин және таэквондодан қола жүлдегер Смайыл Дүйсебайды Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды. Іс-шараға жеңімпаз спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлер көптеп жиналды.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тіледі.
— Жазғы Азия ойындарында шымкенттік спортшылар елімізге жарқын жеңіс сыйлады. Біз оларға қолдау көрсетіп, жанкүйер болдық. Жерлестеріміз сенімді ақтады. Алда Париж Олимпиадасы келе жатыр. Ол сында да жоғары жетістіктер күтеміз. Азия ойындарында бақ сынайтын тағы да спортшылар бар. Оларға сәттілік тілейміз, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы сапында Шымкент қаласының спортшылары — Зоя Кравченко, Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанған еді.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова топ жарды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова 2 орынға ие болды.
Нысана көздеуден Никита Чирюкин үшінші орыннан көрінсе, таэквондодан 80+ келіде Смайыл Дүйсебай қола жүлде жеңіп алды.
Жазғы Азия ойындарында бақ сынаған спортшыларымыздың алғашқы тобы елге оралды. Енді жерлестеріміз каратэ, күрес түрлері, көркем гимнастикадан жарыс жолына шығады.
Бүгін Шымкентте «International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі өтті. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арнайы келіп, болашақ студенттер мен жас мамандарға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.
– Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономика салаларындағы кадр тапшылығын, сондай-ақ, білім беру жүйесін өзгерту қажеттігін ерекше атап өтті. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған көрме жастарымыздың дамуына үлкен мүмкіндік береді. Осынау ауқымды іс-шараға әлемнің 60 елінен түрлі университеттер қатысып отыр. Бүгінде көптеген дамыған елдерде тегін білім алу жолдары қарастырлған. Оған қоса жастардың шет елде жоғары білім алуына мемлекет тарапынан ла қолайлы жағдай жасалып жатыр. Жас мамандардың осы мүмкіндікті пайдаланып, заман талабына сай сапалы білім алуына тілектестік білдіремін. Еліміздің болашағы жастардың қолында десек, осындай іс-шаралар арқылы еліміздің кадрлық әлеуеті мықты да білікті мамандармен толысатындығына сенімім мол, –деді Қ.Асылов.
Қазан айының 7-сіне дейін жалғасатын көрменің жабылу салтанаты Ташкент қаласында өтпек. «Аіі Group» білім және мәдениет, медиа компаниясы, «Віlіm» ЖШС-інің бастамасымен өткен көрме қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шетелдік білімнің қолжетімділігі мен таңдау ауқымын көрсету, жастардың жан-жақты дамуы мен білімді, дарынды жастарға тәжірбие алмасуына қолдау білдіру мақсатында жеті жыл бойы ұйымдастырылып келеді.
Айта кетейік, Биыл «International Educational Fair 2023» білім көрмесіне әлемнің 60-тан астам елдерінің оқу орындары қатысты. Оның ішінде жастардың қызығушылығын Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінің университеттері мен білім гранттары қызықтырып отыр. Көрмеге қаламыздың оқу орындары мен мектептерден 1 мыңға жуық талапкерлер қатысты.