ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 32,3 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 39 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛМЕК

Тұран ауданы аумағын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 95,5%-ды құрайды. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы осы елді мекендер табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99%- ға жеткізіледі.

Бүгінде аудан аумағында жалпы ұзындығы – 299,8 шақырымды құрайтын – 597 көше бар. Оның 231,0 шақырымы асфальт, 41,6 шақырым шағал тас болса, 21 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 32,3 шақырымды құрайтын 39 көше асфальттау жоспарланған.

Бүгінгі таңда, Жаңаталап е/м 2 көшеге асфальт салу жұмысы жүріп жатыр. Ал, Агропром ш/а 2 көшеге (Ақбаян, Алтынтөбе), Айкөл ш/а 2 көше асфальт төселді, Құрсай ш/а Бекболатов, Құлантөбе, Таңбалытас, Мамешов, Ақөзек, Сатқанбайұлы, Сатытау, Ақбастөбе, Тұрбат, Өзкент көшелерге асфальт төсеу жұмыстары басталды. Ағымдағы жыл соңына дейін толық бітіру жоспарда бар.

Шағал тас төсеу бойынша 1-ші кезең жоспарына сәйкес жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Құрсай ш/а 40 көшеге 21,1 шақырым жоспарланған.Бүгінгі таңда, 32 көшеге шағал тас төселді.

Шағал тас төсеу бойынша 2-ші кезеңмен Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан Жаңаталап 12 көше, Арғымақ 6 көше, Ақжар 6 көше, Ақтас 10 көше, Ақтас-2 11 көше жалпы 45 көшеге 20,2 шақырым жоспарланған.

Айтпақшы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Наурыз, 112 орамда жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын, 9 көшеге ирригация салынып, пайдалануға берілді. 25 көшеде арық салу құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Олар, Қазығұрт ш/а: Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көше. 112 орам: Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері, Наурыз ш/а: Жанкент көшесі, Түркістан ш/а: Жанқожа батыр көшесі. Сонымен қатар, биылғы жылы аудан аумағына су сүзгісі қойылған 13 ауызсу бұрқағы орнатылып, халықтың алғысын алуда.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 140 ОТБАСЫ "НҰРЛЫ ЖЕР" БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 140 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 35 пәтер көпбалалы отбасыларға, 52 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 16 пәтер, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 37 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.

Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу жоспарланып, биыл шілде айында 168 азамат арендалық пәтерге қол жеткізді.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істеп жүрген жастар 888 пәтер мен қамтылатын болады. Сонымен қатар 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1174 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы  Шымкент қаласы бойынша  2881 пәтер берілген болса, оның шінде: 748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын. 1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша  несие негізінде берілді. Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа,  2021 жылы 416  отбасыға қайтарымсыз негізде  бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. 2022 жылы 58 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.

Сонымен қатар биыл 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ал осы кезде, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6%) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және

53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.

Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.

Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ.

ӨНДІРІСТЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ 99% ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 141 жеке және 9 мемлекеттік сот орындаушы қызметтерін атқаруда.

2023 жылдың 6 айында Сот орындаушыларында болған 444 360 атқарушылық құжат бойынша өндірілуге жататын сомманың көлемі 2 трил. 212 млрд. теңгеден асып отыр. 

Оның ішінде 142 433 өндіріс 907 млрд. теңгеден астам сомаға аяқталған, 78 457-нің талаптары нақты орындалып, 7,2 млрд. теңгеден астам өндірілді.

Заңнамада мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттері нақты белгіленгендіктен, өндірістердің басым бөлігі, яғни 99%-ы жеке сот орындаушыларының орындауына түскен.

Заңсыз салынған құрылыстарды бұзу, үйден (жайдан) мәжбүрлеп шығару, басқа да мүліктік емес сипаттағы жалпы 2 654 атқару құжаты орындауда болып, 1 139 бойынша өндірістер аяқталған, қалдықта 1 515 құжат орындалуға жатады.

Алимент өндіру санаттағы өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Жыл басынан алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 14 685 іс орындауда болып, оның 2 032-сі бойынша өндірістер аяқталған болса, 12 653 құжат қалған.

Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 6 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде.

Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 5 864 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр. Үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан 543 «проблемалы» алименттік өндіріс бар. Олар бойынша жалпы 801 321 622 теңгеге қарыз қалыптасқан. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеуінің негізгі себептерінің бірі – борышкердің тұрғылықты мекен жайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес, 531 алимент борышкеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған.

Жалпы 159 алимент төлеуші борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ооның ішінде 84 азамат алимент төлеу міндеттерін орындамаған, 32 борышкер 5 тәулікке дейін қамаққа алынған болса, 52 борышкерге 5 АЕК мөлшерінде, яғни 17 250 теңге айппұл салынды.

 

 

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 33 НОТАРИУС ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ҚОСЫЛҒАН

2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бекітіліп, Республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта мүлікке билік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, барлық сенімхаттарды цифрлық түрде куәландыруға болады.

Сенімхаттарды онлайн куәландыру бойынша Шымкент қаласында 33 нотариус Пилоттық жобаға қосылған. Бүгінде осы нотариустармен пилоттық жоба аясында 284 сенімхат куәландырылған.

«Цифрлық нотариат» пилоттық жобасының тиімділігі, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сенімхаттарды қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді.

Цифрлық сенімхатты алу үшін мынадай қадамдарды орындау қажет:

Egov Mobile қосымшасына кіру => өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қою => мәліметтерді растау үшін қосымшадан нотариусқа бейнебайланыс арқылы қоңырау шалу => белгіленген тариф бойынша нотариус қызметін төлеу => «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхатты алу.

Айта кетейік, 2023 жылдың 29 мамырынан бастап адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттаудан өткізу автоматтандырылған түрде жүзеге асыру туралы Ережесі бекітілді.

Осы Пилоттық жобаны іске асыру аясында Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында нотариустар, адвокаттар және Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу жобасы іске қосылды.

Егер бұрын аттестаттау жергілікті Әділет департаменттерінде аттестаттау және әңгімелелесу түрінде өткізілсе, осы жоба шеңберінде екі кезең де тестілеу орталығында өткізіледі. Бұл жобаның тиімділігі адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және кандидаттарға ыңғайлы уақытта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік береді.

Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өтуге Шымкент қаласының аумағынан жалпы 48 үміткер қатысты. Оның ішінде нотариаттық қызметпен айналысуға 22 үміткер қатысып, оның 9 өтті, адвокаттық қызметпен айналысуға 26 үміткер өтініш берсе, оның тек 2-і ғана аттестаттаудан өтті, ал, жеке сот орындаушылар қызметіне 5 үміткер қатысып, 3 үміткер онлайн сынақтан өтті.

 

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6%) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және

53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.

Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.

Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ.

Ал осы кезде, Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.

Сонымен қатар биыл 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

ШЫМКЕНТ: 241 АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІНІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің сот орындаушылар қызметі саласын реттеу бағытындағы жұмыстары туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінде Департамент басышысының орынбасары Исабеков Мейржан Нұржанұлы баяндады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 141 жеке және 9 мемлекеттік сот орындаушы қызметтерін атқаруда.

2023 жылдың 6 айында Сот орындаушыларында болған 444 360 атқарушылық құжат бойынша өндірілуге жататын сомманың көлемі 2 трил. 212 млрд. теңгеден асып отыр.

Оның ішінде 142 433 өндіріс 907 млрд. теңгеден астам сомаға аяқталған, 78 457-нің талаптары нақты орындалып, 7,2 млрд. теңгеден астам өндірілді.

Заңнамада мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттері нақты белгіленгендіктен, өндірістердің басым бөлігі, яғни 99% - жеке сот орындаушыларының орындауына түскен.

Заңсыз салынған құрылыстарды бұзу, үйден (жайдан) мәжбүрлеп шығару, басқа да мүліктік емес сипаттағы жалпы 2 654 атқару құжаты орындауда болып, 1 139 бойынша өндірістер аяқталған, қалдықта 1 515 құжат орындалуға жатады.

Алимент өндіру санаттағы өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Жыл басынан алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 14 685 іс орындауда болып, оның 2 032-сі бойынша өндірістер аяқталған болса, 12 653 құжат қалған.

Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 6 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде.

Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 5 864 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр. Үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан 543 «проблемалы» алименттік өндіріс бар. Олар бойынша жалпы 801 321 622 теңгеге қарыз қалыптасқан. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеуінің негізгі себептерінің бірі – борышкердің тұрғылықты мекен жайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес, 531 алимент борышкеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған.

Жалпы 159 алимент төлеуші борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ооның ішінде 84 азамат алимент төлеу міндеттерін орындамаған, 32 борышкер 5 тәулікке дейін қамаққа алынған болса, 52 борышкерге 5 АЕК мөлшерінде, яғни 17 250 теңге айппұл салынды.

Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған. Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.

Осы орайда, сот орындаушыларының өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 4 қылмыстық іс сотқа өтіп, 4-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет.

Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады. Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыз бойынша осы жылы 1 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған.

Департамент 2023 жылы сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 1 602 жолданым мен 7 755 сұраныс хатты қарады. Түскен жолданымдар келесідей сипаттамалардан тұрады: 46,1% алимент өндіру, 17,7% ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру, 36,2% тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою. Келіп түскен жолданымдардың 72-сі, бұл 4,5%, оң негізін тапқан.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАУЫН-ШАШЫН СУЫ ЖИНАЛАТЫН 6 ОРЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Бүгінде қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды. Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар бекітілді.

Мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа жұмылдырылады. Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды. Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда қалада ірі бұршақ жауып, шымкенттіктерді әбірге салды. Арық-атыздар суға толып, бірнеше жерді су басты.   

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады.

Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, "Мансап" орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар

атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

 Айта кетейік, өткен жылы қалада 1 195 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алған еді. Ал биыл 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Оның 200 ден астамы бірінші және екінші лекте жобаларын қоғап, өаржыларына қол жеткізген.

 

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТЕГІН КӘСІПТІК ОҚЫТУДАН ӨТЕДІ

Шымкентте "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс беруші мекемелерде 760 адамды кәсіптік оқытудан өткізу жоспарланған. Жұмыс орындарында азаматтарға кәсіптік білім беріп, соңынан жұмысқа қабылдауға ниетті 35 жұмыс берушінің өтінімі бүгін комиссия отырысында қаралды. Мекемелерден негізінен құрылыс жұмыстарының шебері, дәнекерлеуші, компьютер және түрлі техникалық құрал операторлары, балабақша қызметкерлері, тігіншілер мен жол-құрылысы көлігінің машинисі сынды мамандықтар бойынша кәсіптік білім беруге 2 мыңнан астам өтініш түсті. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында жұмыс беруші компаниялардың тәжірибесі, біліктілігі мен адамдарды оқыту және жұмыспен қамту қауқарлығы сараланды. Жұмыс беруші компанияларды іріктеуде сондай-ақ олардың салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде жүргізулері, жалақы бойынша берешегінің жоқтығы және бір жылдан аса қызмет ететін материалдық-техникалық базасының болуына назар аударылды.
— Біз бірінші кезекте азаматтардың еңбек құқығының қорғалуына мүдделіміз. Жұмыс беруші мекемелер де сол жауапкершілікті сезінулері тиіс. Олар оқытқан азаматтарын кемінде бір жыл жұмыспен қамтуға міндетті. Жұмыс берушілер арасында кезінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер де бар. Мемлекеттің қолдауымен аяққа тұрып, бүгінде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға ниеттері қуантады, — деді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.
Жалпы, кәсіптік оқытудың ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыз азаматты әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.