Сауран ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.

Созақ ауданының әкімі би үйірмесінің жас бишілеріне құрмет көрсетті

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен «By style» көпжанрлы байқауында Бас жүлдені иеленіп, аудан мерейін асқақтатқан «Эделвейс» би үйірмесінің жас бишілерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Созақ ауданында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» флешмобы өтті

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кең көлемді флешмоб ұйымдастырылды. Аталған шара Созақ ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп, қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шымкент: аккумуляторды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты жұмысын бастады

Қала күні мерекесінде Шымкент қаласының өндірістік және экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды инвестициялық жоба іске қосылды. Қаланың «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Шымкент аккумуляторларды кәдеге жарату зауыты» ЖШС-нің жаңа өндірістік нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Шымкентте макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіретін зауыт ашылды

Биылғы Қала күні шымкенттіктер үшін көңіл көтеретін ән мен күй мерекесі ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын беретін жаңа жобалардың, кәсіпорындардың ашылуымен де есте қалғалы тұр. Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Shymkent Qagazy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіру зауыты салтанатты түрде іске қосылды. Бұл – мегаполистің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Сауран ауданында терроризмге қарсы комиссия отырысында өзекті мәселелер қаралды

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейін күшейту мәселелері талқыланды.

Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тақыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен өзекті мәселелері қаралды. Мәжіліс барысында ауданның қаржы-бюджет саласындағы ахуалы, даму рейтингі және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Сауран: қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан Сауран ауданы әкімдігінің «Шорнақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Сауран ауданы: азаматтардың өзекті мәселелері бақылауға алынды

Сауран ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелерді қарады. Қабылдау барысында тұрғындарды алаңдатқан инфрақұрылым, жұмыспен қамту, жер қатынастары, әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Түркістанда Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өтті

Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өтті. Ашылу салтанаты ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кешке айналып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтады.