Биыл Шымкенттегі 20 магистралді көше жөндеуден өтеді
Ағымдағы жылы Шымкентте 20 магистральдық көше жөнделеді. Тізімнің бірінші қатарында Қонаев - Рысқұлов түйініндегі көшелер бар. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездескен кезде белгілі болды. Кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және ағымдағы жылға арналған жоспардың орындалу барысы ұсынылды. Қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басында Шымкенттегі жолдардың жай-күйіне арнайы мониторинг жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 20 магистральдық көше жөндеуді қажет етеді. Оларға жыл соңына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымкент әкімі қаланың ірі сауда үйлері мен көтерме сауда орталықтарының жанында орналасқан тұрақ орындары мен тротуарларды ретке келтіруді тапсырды. Бұл кептелістерді азайтуға көмектеседі, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін биыл шағын аудандарда және жол қозғалысы қарқынды тұрғын алаптарда 15 қосымша бағдаршам орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл Шымкентте алты қалалық шағын аудандағы 124 көше мен орамішілік жолдарды жөндеу, үш тротуар мен бір жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарлануда.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы
2. №1 автомобиль жолы
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі
10. Анаров көшесі
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі (Ақжайық ш/а)
16. Пазиков көшесі (Шапағат ш/а)
17. Орынбаев көшесі
[18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі