ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ «JOHN DEERE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы «John Deere» компаниясының өкілдерін қабылдады. Мақсат – инвестиция тарту арқылы мақта шаруашылығына қажетті заманауи комбайндарды ауданда жөндеу, құрастыру орталықтарын ашу, жергілікті тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Аталмыш компанияның өкілі Аслан Ибрагимовтың айтуынша техникалық қызмет көрсету орталығы іске қосылған жағдайда негізгі құрам қолынан іс келетін жергілікті тұрғындардан жасақталатын болады.

Ұсыныс аудан әкімі Серік Мамытов тарапынан қолдау тауып, құрылыс жүргізуге арнайы жер де ұсынылды. Қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп беруге уәде етті.

«Біз үшін ауданның дамуына, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына қаржы салатын әрбір инвестор маңызды. Өйткені, инвестиция тарту арқылы кәсіпорындар ашылып, тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарады.

Қос тарап өз шарттарын айтып, ортақ келісімге келу жұмыстары жүретін болады. Біз қабылдайтын шешім бірінші кезекте аудан үшін тиімді болуы керек» деді аудан басшысы.

Айта кетейік, аудан бойынша бүгінде жұмысқа жарамды жалпы 224 мақта терім машиналарының 91 данасы «John Deere» маркалы комбайндары болса оның 20 данасы 2020 жылы, 14 данасы 2021 жылы, 18 данасы 2022 жылы алынған.

 

Жетісайлық кәсіпкер кір сабыннан пайда табуда

Ауыл десе, екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігі несие беруден бастарын ала қашатын. Алайда соңғы кездері керісінше ауылдық өңірлерге басымдық беріледі. Сондай басымдылыққа ие болған кәсіп орынның бірі - «Бегалы» цехы.  

Күнделікті тұрмыс тіршілікте қолданылатын «Кір жуғыш ұнтақтары» мен «Шаруашылық сабын» отандық өнім шығару цехы Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының сүйемелдеуімен іске қосылды. Атап айтар болсақ, химиялық тұтыну қоспалары арқылы жасалатын кір жуғыш ұнтақтарын жасау үшін арнайы рұқсатнама құжаттарын тиісті ұйымдар мекемелерден алу процестері Кәсіпкерлер Кеңесінде қаралып өз нәтижесін берді.  Екінші деңгейлі банктерден кәсіпкерге жеңілдетілген несие қаржы алынып, қазіргі таңда жеке кәсіпкер «Бегалы» цехында 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді. «Қазақстан-2050» стратегиясында ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып тұрған әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметтерді жазалау механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, аз дегенде екі есе өсуі тиіс. Тәуелсіздік алған жылдары басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы сөгілген жабағыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды. Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні артты, бойға қуат бітті. Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекіткен еді. Жоспарда шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қарастырылған."Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасына "микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бойынша жаңа бағыт енгізілдіі."Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді", – деген болатын  Дәленов үкімет отырысында. Айтуынша, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді. Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиті бойынша төлем мерзімі ұзартылатын салалардың тізбесі кеңейтілді. Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетілді. "Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда. Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндеті жүктеледі, бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады", – деді министр.

 

Түркістан облысында 200-ден астам сүт фермасы мен оны қайта өңдейтін 15 кәсіпорын бар

Түркістан облысында тауарлы сүт фермалары көбейіп келеді. Бір ғана Сайрам ауданының өзінде осы бағытта  30- дан астам шаруашылық жұмыс істейді.

Олар жылына 22 мың тонна сүт өндіреді. Одан бөлек, ірімшік, құрт, май, айран, қаймақ сияқты сүт өнімдерін шығарып, көрші облыстарға жеткізеді. Сонымен қатар жақында ұнтақ сүт шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінде орналасқан сүт фермасы 2016 жылы ашылған. Қазір мұнда 146 бас сүтті сиыр бар. Оның 66-сы жергілікті тұқым болса, қалған 80-ні шетелден әкелінген. Ферма басшысының айтуынша, жақында мұнда түркиядан сиыр сауатын жаңа технология жеткізілген. Бір мезетте 8 сиыр сауылады. Кәсіпкер алдағы уақытта сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Сүт фермасының тағы бір ерекшелігі – мұнда жаңа туған бұзаулар енесін мүлде ембейді. Бірден басқа орынға жайғастырылып, сүт қолдан беріледі. Еркек бұзаулар бордақыланса, аналықтары сүтті сиырлардың қатырын көбейтеді. Мамандар мұнда күніне 4 тоннадан астам сүт өндірілетінін айтады. «Сүт өнімін шығаратын зауыттар оның литрін 250 теңгеден сатып алып кетеді», – дейді.

Сондай-ақ аудандағы Ақсу ауылында құрғақ сүт өнімі шығарыла бастады. Жақында кәсіпорын дайын өнімді мемлекеттік стандартқа өткізіп, сәйкестендіру сертификатын алған. Мұнда жылына құны 468 млн теңге болатын 900 тонна құрғақ сүт өнімі шығарылады. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауды жоспарлап отыр.

Жалпы Түркістан облысында 200-ден астам сүт фермасы мен оны қайта өңдейтін 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар жылына өндірілетін 50 мың тонна сүттен 17 мың тонна түрлі сүт өнімдерін шығарады.

Айта кетейік, Ұлттық палата сүт саласын дамытудың 15 жылға арналған бағдарламасын әзірлеуге дайын. Қазақстанда 30 жыл бойы сүт саласын дамытуға арналған бағдарламалар ішкі нарықты 100% қамтуға кепіл берген. Алайда іс жүзінде әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз. Мәселен, өткен жылы 400 млн долларға дейін сүт өнімі сырттан келді. Ұлттық палата сарапшылары жағдайды түбегейлі өзгертуге болады деп отыр. Ол үшін ұзақ мерзімге жоспарланған, үкіметтегі ауыс-түйіске, сыртқы факторға тәуелді болмайтын бағдарлама әзірлеуге де дайын және кәсіпкерлерден ұсыныс күтеді.

Сүт саласының қазіргі жағдайы және қандай бағдарлама болатынын ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев айтып берді.

Нағыз патриоттар: сүт саласының қызығы мен шыжығы

Қазақстан – сүт өнімдерін көп тұтынатын елдің бірі. Сүт саласы – ауыл шаруашылығын дамыту драйверлерінің бірегейі. Бұл салаға келетін кәсіпкер үздіксіз процесс пен дамуға дайын болуы керек.

«Елімізде сүт саласының ауыл шаруашылығы экономикасындағы үлесі зор. Жыл сайын сүт саласы 500 млрд теңгеге жуық өнім өндіреді. Әрине, бұл – экономикаға қомақты үлес. Ауыл шаруашылығы – ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сүт-тауар фермалары. Оның үстіне бұл фермерлер үздіксіз дамып, саласын жаңартып отырады. Жерді ең көп пайдаланатын шаруалар. Ал, «Атамекен» қабырғасында біз оларды «нағыз патриоттар» дейміз. Өйткені сүтпен айналысу өте қиын. Жылына 365 күн үздіксіз процесс. Сүт саласындағы танымал кәсіпкер Иван Адамович Сауэр кім сүтпен айналысқысы келсе, алдымен тік тұрып, ұйықтап үйрену керек деген болатын. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі, техникалық қамтамасыз ету деңгейі – бәрі жоғары деңгейде болуы керек. Жаңа технологияларды енгізу қажет. Бір орында тұрмайтын процесс. Малдың жем-шөбінің сапасы, есеп-қисапты реттеу деген өндіріске аса жауапкершілікпен қарауды қажет ететін жұмыс. Сондықтан бұл жұмысты кез келген адам дөңгелетіп әкете алмайды. Осынша қиындыққа дайын болу керек», – деп баяндады Ербол Есенеев сүт саласындағы фермерлердің жұмысы жайлы.

 Сүт саласына инвестор болғысы келетін кәсіпкерлер кемде-кем. Себебі құйған қаржысының қарымын он жылдан кейін көруі мүмкін. Ал, көптеген кәсіпкер мұндай тәуекелге бара бермейді.

«Өкінішке қарай, айтарлықтай өсім бар деп айта алмаймыз. Елдегі белгілі бір өніммен салыстырғанда өзімізді жақсы деңгейде қамтамасыз етіп отырмыз деуге болатын шығар. Бірақ біз әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз. Мәселен, өткен жылы 400 млн доларға дейін сүт өнімін сырттан әкелдік. Мұны өзіміз де дайындай алатын едік. Себебі сұраныс жоғары. Алайда қазір жағдай осындай. Сондай-ақ, нарықта контрафактілер көп. Оның үстіне бұл салаға ақша құйғысы келетін инвесторлар аз. Себебі бұл сала – құйған қаржысын он жылдан кейін игере алатын бизнес. Яғни, қаржыны ұзақ жылдар үшін жұмсауға дайын инвесторлар көп емес», – деді Ұлттық палата сарапшысы.

Сүт саласы қай секторда: жоғары, орта немесе жеке шаруашылық саланың дамуында драйвер болуы мүмкін

Елімізде мал өсіретін және сүтті өңдейтін кәсіпкерлер аздық етеді. Маман көрші мемлекеттің алға кеткенін баяндап, мәселенің мәнін түсіндірді.

«Жалпы, біздің нарықта 800-ге жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оларда жалпы саны 100-140 мыңға жуық мал бар. Олардың жартысы тұқымды малдың есебінен деуге болады. Өкінішке қарай, мұндай масштаб аздық етеді. Экономикаға салсақ, басқаша болуы керек. Тиімділік 300 және одан жоғары мөлшерден басталады. Мысалға, Ресейді қарайық, олар ілгері кетті. Ресейде мал саны 1,2 мыңнан аз болса, сүт фермаларын пайдалануға бермейді. Ал бізде мыңнан аса малы бар 45-ке жуық шаруашылық бар. Бұлар енді біздің лидер кәсіпкерлеріміз. Дегенмен перспектива бар. Жаңа технология, мемлекет тарапынан ұзақмерзімді бағдарламалар, қомақты қаржы және ең бастысы, мемлекет тарапынан дұрыс саясат керек. Біздің елде жоспар жыл сайын өзгеретінін білесіздер. Ал, бұл салаға инвестор болғысы келетіндер қызметін 10-15 жылға жоспарлауы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан да ұзақ мерзімге жоспарланған қолдау керек», – деп қосты Ербол Есенеев.

Сала дамуы мүмкін бе: статастика не дейді

Жағдай мәз емес. Сарапшының айтуынша, соңғы деректерге сүйенсек, елде 6,3 млн т сүт сауылған. Бірақ бұл санға сенуге болмайды. Себебі мұны екі-үш рет бөлуге болады. Өйткені іс жүзінде 1,9 млн т сүт өңдеуге жіберіледі. Ал статистика үшін жазылатын қалған сүт жеке шаруашылықтарға тиесілі. Бұл – сүт жоқ деген сөз. Оның сапасына мән берсек, тіпті нашар күйде қаламыз.

«Сондықтан бұл қызметтің болашағын жоспарлау үшін бизнестің, үкіметтің «көзін ашу» керек және сандарды түзету керек. Бір-бірімізді алдамау үшін статистиканы реттеген жөн. Сүт дәл сол өндірістік өңдеуге жетпейді. Сүттің сапасына қатысты да мәселе бар. Жеке шаруашылықтар шығаратын сүттің құрамы тексерілмейді. Ондағы антибиотиктерді, соматикалық жасушылардың құрамы қадағаланбайды. Яғни біз оның кім шығарғанын білмейміз. Қандай жағдайда сауылғанынан бейхабармыз. Оның үстіне жазда сүт бар, қыста жоқ. Сол себепті барлық мәліметті ортаға салып, талдау маңызды. Саланың дәл қазіргі жағдайын ашық айтып, алдағы даму жоспарын жасау құру керек», – деп бөлісті Ұлттық палата өкілі.

30 жылдағы жалған статистика: мұның бәрі фейк

Ербол Есенеев салаға қатысты жазылған құжаттардың шикілігі мен жалған статистикасына қынжылды. Оның үстіне үкіметте ауыс-түйіс болып, министр жаңарса, жаңа бағдарлама пайда болатын ешкімге керексіз үрдістің кесіріне тоқталды.

«Біз сүт саласында тәуелсіздік алғаннан күннен бастап жасалған барлық құжатты зерделедік. Көп құжат жазылған. Барлық жерде өзімізді 100% қамтамасыз етеміз деп жазылған. Бірақ мұның бәрі – фейк. Нақты жағдайды айту керек. Өкінішке қарай, министрлер жиі ауысады, содан кейін бағдарламалар да өзгереді», – дейді маман.

Ешкімді алдаудың керегі жоқ: бизнес саланы дамытуға арналған бағдарлама жазуға дайын

Сарапшы сүт саласын дамытудың 15 жылға арналған бағдарлама керегін алға тартты. Бұл үкімет үшін де, бизнес үшін  қалай әрекет етуге бағыттайтын нұсқаулық болады.

«Ешкімді алдаудың керегі жоқ. Қай жерде тұрғанымызды нақтылап, сүт-тауар фирмасы үшін оңтайлы форманы белгілеу керек. Ішкі нарық үшін не істеуіміз керек? Қайда сата аламыз? Өйткені, өкінішке қарай, баланс жоқ. Жобаға қаржы бөлінгенімен, жұмысы жүйеге қойылмаған. Суармалы су бар ма, мұны әкімдік шешу керек. Көңді биогаз құрылғыларымен өңдеу қарастырылған ба? Өндірістегі жұмысты жүргізетін мықты мамандар бар ма? Яғни, әңгіме шаралардың кешені туралы болып тұр. Ал, біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ретінде бұл бастаманы өз міндетімізге алуға дайынбыз. Алдағы 2-3 айда арнайы бағдарлама жазуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмысқа сүт өндірушілерді, өңдеушілерді, асыл тұқымды мал өсіретін бизнес өкілдерін жұмылдырамыз. Олардың пікірі ескерілуі керек. Бұл жауапкершілікті өзімізге алуға дайынбыз. Халық та риза болады, себебі олар үшін сапалы өнім шығарылады. Қажетті көлем болса, бағасы да нарыққа сәйкес болады. Сонда тұтынушы ретінде де ұтылмаймыз. Өңдеушілерге тоқталсақ, қыс пен жазда өңдейтін сүт көлемінің айырмашылығы 10 есе. Сондықтан өңдеушілер әрдайым сапалы шикізатқа және оның тұрақты болуына мұқтаж. Оның үстіне олар ауылдағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер. Кадрлары тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, ірі салық төлейтін де солар. Сол себепті мұндай жұмыстан ешкім зардап шекпейді, бәрі ұтады», – деп толықтырды Ұлттық палата өкілі.

Жобалық кеңсе: кәсіпкерлерден ұсыныс күтіледі

Сарапшының айтуынша, Ұлттық палата жобалық кеңсе ашуды жоспарлап отыр. Көптеген сарапшыны жұмылдыруды алға қойған.

«Осы бағытта позициясы бар, қандай да бір ой-жоспары бар, көзқарасы бар кәсіпкер болса, бізге хабарласуын сұраймыз. Барлық пікірді ескеріп, 15 жылға арналған ұзақмерзімді бағдарлама әзірлеуге даярмыз. Қазір біз шамамен индикативтер қандай болуы керегін анықтап қойдық: 15 жылдан кейін 9 миллионға жуық тонна сүт шикізатын алу. Нарықтың жаңа бағыты. Соңғы жылдардағы оқиғаларға қарап, тек өзімізді қамтып қоймай, сапалы өнімді экспорттай алатынымызды да көрсетті. Орталық Азияда мұндай ресурс жоқ. Бізде бар», – деп шақырды бизнесті Ербол Есенеев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдайды

«Ауыл шаруашылығы министрлігі біздің бастамаларымызды әрдайым қолдайды. Сондықтан бұл – бизнестің бастамасы. Ешқандай кері көзқарас жоқ, болмаған және болмайды. Сондықтан жұмысты ұйымдастырып, нәтижесін үкіметке, бизнеске көрсетіп, жоспарға сәйкес жүруге дайынбыз», – деді маман.

Бағдарлама қашан іске асырылады

Ербол Есенеев бағдарламаны неғұрлым ерте енгізу жоспарланғанын қосты. Себебі алдағы жылдарға даму жоспарын анықтау маңызды.

«Өңірлерге талдау жасап, тиімді жолды бекіту керек. Ғылымның шешімін талдау керек. Өкінішке қарай, ғылым бизнес қоятын талаптарға әрдайым жауап бере алмайды. Өз өндірісіміз, өз малымыз болу керек. Жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде суармалы жерлер қажет. Сондықтан сұрақ көп. Осы процеске кіріскеннен кейін әрі қарай ауқымы ұлғаяды деп ойлаймын және тек «сүтпен» тоқтап қалмайды. Ұлттық палата барлық салаға осындай даму жоспарын әзірлеуді көздеп отыр. Сондай-ақ, оған үкіметтегі ауыс-түйіс те, сыртқы факторлар да әсер ете алмайтындай болады. Бұл осы саладағы кәсіпкерлердің іс-қимылына арналған және мемлекетке осы жобаларға қатысу мүмкіндік беретін бағдарлама болады», – деп түйіндеді Ұлттық палата сарапшысы.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сарыағаш ауданы кәсіпкерлерінің жекелеген күрделі және жүйелі мәселелерін шешу жолдарын талқылау мақсатында, бизнес өкілдерімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, заң қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен Өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Кездесу кеден мәселесімен басталды. Кәсіпкерлер кеденде бірнеше күн заттың тұрып қалуына шағым айтты.

«Кеден бекетінен өткізетін жүзім өнімдеріне кедендік төлем-1,2$ (564 теңге) мөлшерінде бекітілген. Ал нарықтық бағасы әртүрлі, тұрақты болмайды. Мысалы, бір тауарды бір ай бұрын мың теңгеге сатып алынса, сол тауар қазір 200 теңгеге сатып алынады. Бірақ кеден төлемінің жоғары шартты бағасымен төленеді. Бұл ретте, қаншалықты 200 теңгеге алынған тауардың кеден төлемі мың теңгеге алынған тауардың төлемімен бірдей болады», – деп атап өтті жеке кәсіпкер Бауыржан Исахов.

Өңірлік кеңестің төрағасы бұл мәселені жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Палата өз тұрғысынан кеден бекетіне барып зерделенген мәселелерді шешу үшін арнайы кездесу ұйымдастырыңыздар», – деді Нұралы Әбішов.

Қапланбек кеден бекеті басшысы орынбасарының айтуынша кедендік құнды анықтаудың 6 әдісі бар.

«Осыған байланысты бағасы анықталады. Төленетін соманы жүйе өзі айқындайды», –  деді Қымбат Жүнісов.

Бірлескен шараның күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерін алаңдатқан өзекті  сұрақтар тыңдалып,  кәсіпкерлерге қысым көрсету, жұмыс барысына заңсыз араласу, әкімшілік кедергілер келтіру, негізсіз әуре-сарсаңға салу әрекеттерін болдырмау мәселелері қаралды.

Кездесу соңы балабақша жүргізіп отырған кәсіпкерлердің сұрақтарымен жалғасты.

«Балабақшалардың жұмыс уақыты 10,5 сағат болып бекітілген. Бірақ қазіргі таңда Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қаулының жобасында балалардың 9 сағаттық тұруын ұсынды, кәсіпкерлер атынан келіспейтінімізді жеткіземіз», – деп атап өтті «Нұр Мереке Бала бақшасы» ЖШС директоры Назым Жұмағұлова.

Білім басқармасының өкілі балабақшалар түгел есептік құжаттарын өткізбегендіктен ақысы төленбей отырғандығын жеткізді.

«50 шақты балабақша әлі күнге дейін есептік құжаттарын өткізбеді. Толық өткізген соң төлеп бастаймыз», – деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Дәулет Ақатов.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы бұл мәселенің шешілмей келе жатқанына наразылығын білдірді.

«Неліктен ең төмен баға Түркістан облысында? Неге ұсыныс берілмейді, неше жылдан бері шешілмей келе жатыр. Жылдан жылға қарыз тек ұлғайып жатыр. Кәсіпкерлер қызметкерлеріне жалақы төлеуі керек, коммуналдық төлемдері бар. Уақытылы төленбегенінен бөлек, биылдан бастап төлемдерді қысқартып отырсыздар», –  деді Орынбасар Қабыштаев.

Сарыағаштық кәсіпкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштер тиісті мекемелердің назарына  алынып, бизнес өкілдеріне құқықтық көмектер көрсетілді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келес ауданындағы кәсіпкерлердің жекелеген күрделі және жүйелік мәселелерін шешу жолдарын талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, заң қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен Өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Жиынға Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және Келес ауданының бизнес өкілдері қатысты.

Келелі бас қосуды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жиынның мақсаты жайлы айтып өтті.

- Бүгінгі жиынның басты мақсаты – сіздердің мәселелеріңізді тыңдау және оларды шешуге жәрдемдесу. Толыққанды шешу мақсатында арнайы бүгінгі жиынға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаевты және де басқармалар, қаржы институттардың өкілдерін шақырдық, - деп атап өтті Нұралы Әбішов.

Кездесуде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнеспен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау және әртүрлі әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдардың дені егілген бау-бақшаға, ірі қара малға, балық шаруашылығына берілетін несие алу шарттары, ауылшаруашылығына бөлінетін субсидиялар, мемлекеттің қолдайтын бағдарламаларына байланысты болды.

Кеңес соңында өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын жолдап, ой-пікірлерін ортаға салды. Тілге тиек етейік, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған. Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.Кеңестің негізгі міндеттері:1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзге де іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелерКеңес құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 26 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында да Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Кеңесте «Атамекен» ҰКП Кеңесінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің (Шығыс Қазақстан облысынан «ПМК Құрылыс» ЖШС өтініші) қаралды.

 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2022 жылы атқарған жұмыс қорытындысы туралы.

2022 жылы Кеңес жұмысы кәсіпкерлердің құқығын бұзуға, сондай-ақ түйткілді мәселелерді көпшілікпен талқылауға бағытталды.

Кеңестің жұмысы, ең алдымен, экономикалық немесе заңды құралдары мен қорғаныс мүмкіндіктері жоқ ең осал шағын және орта бизнес субъектілерін қорғауға бағытталған. Орта есеппен жылына Кеңесте қаралған мәселелердің шамамен 85%-ы шағын кәсіпкерлікпен байланысты. Бұл бағытқа басымдық берілген.  Бұл тұрғыда кеңес ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың шағын бизнесті қолдау, қорғау және дамытуға бағытталған саясатының жолында жұмыс істейді.

Бизнесті қорғау экожүйесі шеңберінде Кеңес жұмысы прокуратура органдары, соттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметтері және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда құрылды.

Қарастырылып отырған мәселелердің қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдар тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстарды да қамтыды. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнаманы немесе құқық қолдану практикасын өзгерту, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ заңдылықты бұзудың нақты фактілеріне тексеру жүргізу және жекелеген кәсіпкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіру, кәсіпкерлік қызмет бостандығы туралы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар.

Кәсіпкерлердің құқығын сақтау және қорғауға мониторинг жүргізу мақсатында Қостанай облысына барып, онда бизнес субъектілері және облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.

Кеңестің шешімдері ҚР Президенті Әкімшілігі  және Үкіметіне жолданды, бұл кеңестің ұсынымдарын қарауға қатысатын лауазымды тұлғалар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел және тиімді шешуге ықпал етті.

 Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамаларын қолдау мақсатында былтыр  Президент Әкімшілігіне тексерулер мен профилактикалық бақылау және барып қадағалау жүргізуге мораторийді ұзарту қажеттілігіне қатысты Кеңестің ұсынымдары шығарылды. Қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктері 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғалар салдарынан зардап шеккен ведомстволық бағынысты мекемелердің бизнес субъектілеріне залалды өтеуді ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарды қолдады. Кеңестің ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Сауда және интеграция министрлігі кеңестің ұсынымдарын орындау үшін ЕЭК Кеңесінің отырысында одақтың құқықтық актілері мен техникалық регламенттеріне түзетулер қабылдауға бастамашылық жасады.

 2023 жылы Кеңес жұмысы ҰКП съезінің шешімі және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес құрылатын болады.

 Жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы

Кеңесте пайдалы қазбалар кен орындарын бөлу кезінде мемлекеттік органдардың қызметі заңнаманы сақтай отырып құрылмайтыны, бизнестің, бүкіл қоғамның да мүддесн  қозғайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де орын алатыны атап өтілді.

Қайырбек Сүлейменов мәселені қарау алдында мемлекет кәсіпкерлерді әртүрлі жобаларға тарта отырып, жосықсыз ойын жүргізіп жатқанын, яғни кез келген уақытта өз шешімін жоя алатынын атап өтті. Жобаны Үкіметтің қаулысымен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу де оның жүзеге асуына кепілдік бермейді.

Мемлекеттің кәсіпкер қызметіне алаңдамауы келесі мысалдане аңғаруға болады. Шығыс Қазақстан облысынан келген «ПМК Құрылыс» ЖШС құқығы өрескел бұзылған. Компания мемлекеттік орман қоры жерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында орналасқан бетонит саз кен орнын игерумен айналысады. Бұл жоба Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.

Кәсіпкер мемлекетке сеніп, жобаға төрттен бір миллиард теңгеден астам қаржы активтерін инвестициялады. Нарықта өнімді құру, өткізу және ілгерілету үшін қажетті өндірістік инфрақұрылымды дайындады, ал мемлекет оны осы учаскеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығынан айырды.

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық регламенттің жеткіліксіздігі өңірдегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы міндеттемелерін орындаудағы жауапсыздығы кәсіпкерлік субъектілеріне зиян келтіреді және елдегі инвестициялық қызметтің дамуын шектейді», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес барысында мемлекеттік органдарға ұсынымдар айтылды.

Атап айтқанда, экология және табиғи ресурстар министрлігіне облыстың орман шаруашылығы басқармасы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің негізділігіне қызметтік тексеру жүргізу; ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру құқығына қорытындылар беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беру ұсынылды.

Кеңес отырысының материалдары Мемлекет басшысының жер қойнауын пайдалану саласында тәртіп орнату туралы тапсырмасын орындау кезінде есепке алу үшін Үкімет Аппараты мен Бас прокуратураға жіберілетін болады.

 

 

АРЫСТА 62 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

«Túrkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ «Бір терезе» қағидасы аясында Арыс қаласына 62 жобаны қаржыландырды. Бүгінде әкімдік жанындағы Кәсіпкерлік мектебі ғимаратында орналасқан кеңседе кәсіп бастаушы немесе дамытушы тұрғындарға «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіліп келеді. («Бір терезе» қағидасы – мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды жинау мен дайындауда азаматтардың аз қатысуын және қызмет көрсетушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады).

Аталған орталықтың негізгі қызметтері:
– Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру көздеріне уақтылы қол жеткізуіне көмек көрсету;
– Жобаларды сүйемелдеу кезінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– Бизнес жоспарды құру, құжаттарды жедел жинау және қаржы институттарына тапсыру, сондай-ақ, жобалардың іске асуына мониторинг жүргізу;
– Жер учаскесіне мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу;
– Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
– Жер учаскесінің мерзімін ұзарту, сатып алу;
– Құрылысқа рұқсат беретін хабарлама алу;
– Техникалық паспортты дайындау;
– Сәулет-жоспарлау тапсырмалары;
– Электр энергия желілеріне, газ, су желілеріне қосудың техникалық шарттарын алу.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтағы консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөлімінде 1 223 кеңес беріліп, 96 бизнес-жоспар әзірленді. Нәтижесінде, 62 жоба тиісті қаржы институттары арқылы 298,4 млн теңге сомасымен қаржыландырылды. Ал енді оларға тоқтала өтсек:

• «Бизнестің жол картасы–2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында орталық көмегімен мақұлдау алған жобалар саны – 4:
– 2-5 миллион теңгеге дейін грант алу байқауы бойынша – 1 жоба;
– Екінші деңгейлі банк арқылы жеңілдетілген несие алу бойынша – 3 жоба;
• Көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру бойынша – 5жоба;
• Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсы бойынша – 14 жоба;
• Субсидия бойынша – 20 жоба;
• Мал басын көбейту және ауыл шаруашылық техникасын алу мақсатында жеңілдетілген несие бойынша – 19 жоба.

Жобалардың экономикалық қызмет түрлерінің басым бағыты ауыл шаруашылығы техникасын алу, мал басын көбейту, егін бойынша және кәсіпті әрі қарай жүргізу болып табылады. Ал екінші деңгейлік банк арқылы айналым қаражатын алушылар, жер алуға конкурсқа қатысушылар санатына жатады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімі бойынша 69 құжат рәсімделіп, заңдастырылды және 735 кеңес берілді.
«Бұл процестер негізінен сенімхат негізінде жүзеге асырылды. Соның ішінде тұрғын үйлік мақсаттағы қызмет саны 40 құжат болса, кәсіпкерлік мақсаттағы қызмет саны 29 құжат. Аталған қызметтердің бәрі де толықтай рәсімделіп тұрғындар мен кәсіпкерлерге берілді», – дейді «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Арыс қалалық бөлім басшысы Айнұр Маратқызы.

ҚАЗЫҒҰРТ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ - АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары Алтынтөбе ауылы округінде артып келеді.

Өткен жылдың өзінде мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған 11 азамат 200 АЕК (1 млн 225 мың тг) көлеменде қайтарымсыз грант ұтып алып, өз кәсібін ашуға таптырмас мүмкіндік алған.Талдап айтатын болсақ, оның алтауы жастар болса, 5 азамат әлеуметтік осал топқа жатқызылғандар. Барлығы жұмыссыз азаматтар.

Іске асқан жобаларға келетін болсақ, 2022 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген мал шаруашылығы, химиялық тазалау, тігін цехы, есік терезе цехы, нан өнімдерін өндіру, көлік жөндеу орталығы дәнекерлеу және тағы басқа халыққа қызмет көрсету бағытындағы кәсіптерді өрлетіп, өздері және жақындарын жұмыспен қамтып отыр.

Биылғы жылы аталған бағытта жұмыстар бұл ауыл округте жалғасын табады деп жоспарлануда.

ЖЕТІСАЙ: КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Зувайда ана» балабақшасының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Бахтияр Қозыбаевты қабылдады.

Қабылдау барысында 2019 жылы қолданысқа берілген балабақша қызметкерлеріне қалтасынан жалақы төлеп, қамтамасыз етіп келе жатқанын айтқан кәсіпкер талапқа сай балабақшаға мемлекеттен қолдау көрсетуді өтінді.

Бұған дейін де 2017 жылы өз қаржысы есебінен 150 орындық бөбекжай балабақщасын ашқан кәсіпкер Бахтияр Қозыбаев 2019 жылы тағы бір балабақша ашқан. 30-ға тарта ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, өзге ұлт өкілдерінен 150 бүлдіршінді мектепалды дайындық тобында қазақ тілінде тәрбие беріп келе жатқан бақшада 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бала басына 4 мың теңгеден төлемақы төленеді. Балабақша құрылтайшысының шешімімен 14 отбасының балаларынан төлемақы алынбайды екен.

Мемлекеттен қолдау болған жағдайда бүлдіршіндерге спорт залын ашып, күрес мектебін жүргізу, елді мекеннен балалар ойын алаңшасы мен аллея салу жоспарларының бар екенін алға тартқан кәсіпкер жоғары оқу орнында оқып жатқан аталмыш балабақшаның 5 қызметкерінің оқу ақысының 50 пайызын да төлеп отыр екен.

Кәсіпкердің атқарып отырған жұмыстарына оң бағасын берген аудан басшысы тиісті сала басшыларына заң аясында жұмыс жүргізіп, мемлекеттік қолдау бағдарламасына енгізу туралы тапсырмалар берді.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Жетісай ауданы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда. Орталықтың негізгі мақсаты кәсіпкерлік субьектілерге және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға жан-жақты «бір терезе» қағидаты бойынша бизнестік қызметтерді белгіленген тізім бойынша ұсыну болып табылады.

Қызмет көрсету залында мамандар үш бағыты бойынша жұмыс жасайды. Яғни, рұқсат құжаттарын рәсімдеу, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру және жобаларды жетелеу бойынша жұмыс істеп, тегін қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 95 бизнес жоспар әзірленіп тапсырылса, 96 жобаға сүймелденіп қаржыландырылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы ұйымдарының несие шарттары, мемлекеттік мекемелерден рұқсат құжаттарын алу бойынша түсіндіріп кеңес беру бойынша – 2205 кеңес беріліп, Мемлекеттік мекемелерден рұқсат құжаттарын алып беру – 221 қызметті құраған.

Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытужөніндегі Бизнестің жол картасы-2025» - бағдарламасы аясында 7 жоба қаржыландырылды. Қарапайым заттар экокномикасы бойынша 1 жоба қаржыландырды.

 

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ТүркістаноблысыныңәкіміДарханСатыбалдыныңтапсырмасыменжылыжайларғакөмеккөрсетумәселесіжан-жақтықарастырылуда. БүгіноблысәкімініңорынбасарыЕрмекКенжеханұлыфермерлерменкездесті. Басқосуғажауаптыбасқармабасшыларыменқаржыұйымдарыныңжетекшілеріқатысты. Соныменбіргежиынғаонлайнқосылғантеміржолтасымалдаушыларыкөтерілгенсұрақтарғажауапберді.

Кездесудежылыжайшаруашылықтарыныңқазіргіжағдайыжәнеоныңөндірісіндамытуғаұсыныстарортағасалынды. Әкімдіктарапынантауарөндірушілердіңмүлкінекелтірілгеннұқсанжөніндеактұсынылғанжағдайдақаржыұйымдарыалдындағыберешектерінің (несиеқаржы) өтеумерзімдерін 1 жылдықмерзімгекейінгешегеружөніндеұсыныстаржолданды.

Іріжылыжайкешендерімұндайжағдайғадайынболғандықтаншығынғаұшырамағаныбелгіліболды. Оныңүстінебизнесісақтандырылғандықтан, шығындардызаңжүзіндеөтеужағықаралған.

Зардапшеккендер – шағынжылыжайлар. Оларғақаржыұйымдарыарқылыжеңілдетілгеннесиеменқамтамасызетугежұмыстаратқарылуда. Алайдажылыжайлардың 90 % -данастамыныңқұжаттарыжоқнетүгелемесболыпшықты. Яғни, заңаясындақаржылайқолдаужағықиынғатүседі. Бұлтұстаөңірдегіжылыжайлардыжаппайзаңдастырумәселесікөтерілді.

Соныменқатаралдағыуақыттакөміртасумәселесіншешуүшіншаруақожалықтарыноператорларментікелейбайланыстырып, жұмысбастаумәселесіталқыланды. Алайдакөмірөндірушілер, яғнибизнесөкілдерініңдеөзталаптарыбар. Көмірдіңқаражатыалдыналажәнетолықберуілуітиіс. Бұл – қарапайымшаруаүшінтымқомақтықаржы. Алдыналасатыпалынғанкөмірқорынсақтайтынқоймақажет.

Оныңүстінеөңіргежеткізіліпжатқанкөмірәлеуметтіксалағабағытталған. Тұрғындарменаурухана, емхана, мектептерменәлеуметтікнысандарғаарналғанарзандатылғанкөмір. Алжылыжайлар – жекекәсіпкерлерсанатында.

Қаттыжауғанқарданқұлағанжылыжайлардыңбасымбөлігіндеегінегужұмыстарыбасталмаған. Жалпышағынжылыжайлартұтастайфермерлікқолданжасалғанжеңілконструкцияданжасалған. Бүгінде 167 тауарөндірушінің 36 гектаржылыжайықарсалмағынкөтереалмай, жарамсызкүйгетүскен. Осылайша, жекекәсіпкерлерқаржылықшығынғаұшырады.

Облысәкімдігітарапынанжылыжайиелерінеқолдаукөрсетужолдарыжан-жақтызерделеніпжатыр. Барлықтараптардыңұсыныстарысараланғаннанкейінзаңаясындакөмеккөрсетіледі.