ЖЕТІСАЙ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУДАНАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының бекіткен кестесіне сәйкес Жетісай ауданында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын» аудан шаруашлары мен жеке азаматтарға түсіндіру, биогумус өнімдерін өндіру және пайдалану жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев төрағалық еткен жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұсахан Даулетов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Сейтмухамед Сейтсултанов, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев, аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысы Ж.Маханбетбердиев, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков, «QazVerm» кооперативінің төрағасы Пернебек Тулғанбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов, «ЫРЫС» МҚҰ ЖШС Жетісай аудандық менеджері Алмат Рысқұлов, ауылдық округі әкімдері мен жер мамандары, агроқұрылым басшылары мен биогумус өндіріуші азаматтар қатысты.

Басқосуда ҚР АШМ АӨК МИК Жетісай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сейтмухамед Сейтсултанов Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларын және карантидік арамшөптермен күресу тәсілдерін түсіндірсе, ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев ауыл шаруашылығы зиянкестері мен аса қауіпті зиянкестердің шығуының алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Құралбай Байдалиев болса мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығына берілетін жеңілдіктерді сөз етсе, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров агросектордағы түрлі жеңілдіктердің ауыл шаруашылығы министрі бекіткен ержелері мен заңдылықтары аясында берілетініне түсіндірді.

Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов аудандағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға, ҚР Вермифермерлер кооперацияларын дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Асембеков биогумус өнімдерін өндіру және қалай пайдалану тәсілдеріне тоқталды.

Жиын барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жиын соңында аудан тұрғындарына Жеңілдетілген несие бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан: Құрылысшылар мен тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығының отырысы өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитет отырысы өтті.
Жиында кәсіпкерлерге «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты орта білім беру ұйымдарында апаттық жағдайдағы мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен «Жайлы мектеп» жобасы бекітілді. Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 173 млр 117 млн 518 000 сомада қаражат бөліну қарастырылған. Облыс бойынша жалпы 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 57 300 орын) құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 29 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, республика бюджетінен 54 641 056 мың теңге бөлінеді, ал 2024 жылы пайдалануға берілуі көзделіп отыр.

Ұлттық жоба бойынша орта білім беру ұйымдарының объектілерін жобалауды – “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамының дирекциясы жүзеге асырады.

Тауарөндірушілердің назарына негізгі талап «Самұрық-Қазына» АҚ Тауар өндірушілерінің тізілімі немесе Отандық тауар өндірушілердің тізілімі (Өнеркәсіптік сертификат негізінде) арқылы жиһазды сатып алу екенін ескереміз.

 

Арыс: Ірі қара мал басын «Іскер» бағдарламасымен көбейтуге болады

Мал шаруашылығы – елімізде ежелден дамып келе жат­қан салалардың бірі. Сонау пат­ша үкіметінің тұсын­да бұл сала халқымыздың негізгі тіршілік көзі болатын. Бүгінгі күні де мал шаруашылығымен айналысу өзектілігін жоғальқан жоқ. Әсіресе Түркістан облысында төрт түлік малды бағып, кәсіп етіп отырғандар көп. Есенкулова Алмакул Шереханқызы сондай жанның бірі. Арыстық кәсіпкер өз ісін жандандырып, өрісін кеңейту үшін несие алған.  «Мал баққанға бітеді» деген баба­ларымыз. Ал бір кездегі мал бағу мен қазіргі бағу арасындағы айырма өте зор. Қазіргі заманның талабы да талға­мы да бөлек. Сондықтан болса керек қазір кәсіпкерлер  көшке ілесіп, оның әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатыр.  Заман тала­бына сай ғылыми негізде мал өсіруге және мал шаруашылығын өр­кен­­детуге тырысып бағада. «Алмагүл Шебер»  жауапкершілігі серіктестігі де осы үдерістен шығуға тырысуда. Осы мақсатта жеке кәсіпкер  Есенкулова Алмакул «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімі мамандарының сүйемелдеуімен өз кәсібін кеңейтуге тырысуда. Оған бұл бастамада «Іскер» бағдарламасы көмекке келді. Ол бағдарлама шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан ірі қара мал (жылқы) басын көбейту мақсатына 6%- бен 84 ай мерзімге несие қаражатына қол жеткізді. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама арқылы тікелей кредит беру мөлшері -8000 АЕК-ке дейін; кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары – қоғамның меншікті капиталының 500 000 теңгеден 25% - ға дейін. Тікелей кредиттеу-жылдық 6% (СЖТМ-жылдық 6% - дан бастап, аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4% - дан аспайды (СЖТМ-жылдық 4% - дан бастап),

Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары-жылдық 2% (СЖТМ – жылдық 2% – дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме-жылдық 6% - дан аспайды, СЖТМ-жылдық 6% - дан бастап), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4% - дан аспайды (СЖТМ-жылдық 4% - дан бастап). Жұмыспен қамтудың жол картасы:

 Мемлекеттің қатысуымен микроқаржы ұйымдары – жылдық 2% (СЖТМ – жылдық 2% – дан) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6% - дан аспайды, СЖТМ-жылдық 6% - дан аспайды).Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер – қоғамның кепілдік саясатына сәйкес. Микроқаржы ұйымдары: қоғамның кепілдік саясатына сәйкес; РИЦ кепілдігімен; қоғамның белгіленген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Түркістан: «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлерге зор мүмкіндік ашып отыр

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2025».

«TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Арыс қалалық бөлімі мамандарының сүйемелдеуімен жеке кәсіпкер  Маликова Мәдина Мырзақұлқызы өз кісібін аталмыш бағдарлама арқылы дөңгелетіп отыр. Дәлірегі, ол екінші деңгейлі банк “ЦКБ” АҚ арқылы "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасының аясында несие алды. Ол қаржыға  ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізген.  Несие 60 ай мерзімге қарастырылып, өтеу соммасының сыйақы мөлшерлемесі 23% оның пайыздық мөлшерлемесін жеңілдету яғни субсидиялауға қол жеткізу қарастырылды, демек оның 17 %- "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ы арқылы төленсе, қалған пайызы кәсіпкердің өтеуіне міндеттелді.

Бағдарлама бағыттары мен мақсаты: «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады:

-   моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау; - өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге / индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау экономиканың басым секторлары; - кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну. Осы үш бағыт бойынша «ӨДҚ» АҚ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындаған, экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және жоспарлайтын кәсіпкерлер үшін «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралының операторы болып табылады. Бұл бағдарламаны ҚР Үкіметі 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы бекіткен болатын. Басты мақсат: аймақтық кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты жұмыс орындарын құру. 2020-2024 жылдар аралығында іске асырылатын бағдарлама тұрақты және теңгерімді қамтамасыз етеді. Кімдер қатысады? Үкімет бағдарламаға қатыса алмайтын бизнес өкілдерінің тізбегін жасаған. Олар: 1) заңға сәйкес тіркелген, автокөлік құралдарын шығару және жүзімнен шарап шығару, алкогольді медициналық препараттарды (бальзамдардан басқа) өндіруді жүзеге асыратын жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар / өнімдер өндірумен айналысатын кәсіпкерлер. Қазақстан Республикасы медицина ретінде; 2) қиыршық тасты және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндірісі және карьерлерді қазу саласында жобаны іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер; 3) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) және (немесе) жанама түрде иелік ететін кәсіпкерлерге / индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты бойынша құрылған кәсіпкерлер); 4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар. Бағдарламаға қатыса алатын тұлғалар: 1)шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер; 2)әйелдер; 3)мүгедектігі бар азаматтар; 50 жастан асқан азаматтар. Бағдарламаның басты шарты мен несие мерзімі Бағдарламаның басты шарты: жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес келетін  сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 қаулысымен өзгерістер енгізілді, құжат 2020 жылдың 26 тамызында жарияланды. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің өтініштері негізінде ҚР Ұлттық Экономика министрлігі алдында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік беруді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі қолдады. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды.Бұған дейін мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкерлерге мерзімі 4 жылдан аспайтын несиелерге қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілетін. Енді Мемлекеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістер негізінде кәсіпкерлер берілген мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелерді қайта қаржыландыра алады. Жаңа өзгерістер кәсіпкерлерге несиелер бойынша қарыз ауыртпалығын жеңілдетуде тиімді қолдау шарасы болғаны анық. Бизнес өкілдері займдарға қызмет көрсету бойынша шарттарды жақсарту мақсатында екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады. Айта кету керек, кәсіпкерлердің несиелері Мемлекеттік бағдарлама шарттарына сәйкес келуі керек.  2020 жылы тамыз айында енген өзгеріске сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушылары болып шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табылады. Несиелендіру, салалық шектеуі жоқ инвестициялық мақсатқа және қаражат айналымын толықтыруға арналған несие/микронесие/қаржыландыру бойынша іске асырылады. Сонымен қатар, қатысушыларға келесі құжаттар қажет:  1) "Атамекен" ҰКП-да "Бизнес мектеп", "Bastau Business", "Бизнес-Кеңесші", "Жас кәсіпкер" курстарынан өткені туралы сертификаттарының бірі;2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда, бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;;2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру Қағидасының  2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға берілетін өтінім;3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;4) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоғы туралы анықтама;5) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама (бар болған жағдайда);6) мемлекеттік гранттар беру Қағидасының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;7) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;8) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоса қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);9) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Ресейдегі жылыжай саласындағы көшбасы компания «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі Түркістан облысында 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салады. Биыл құрылысы басталатын жылыжайда 51 га гектар жерге қызанақ егіледі. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен кездесіп, маңызды жобаны талқылады. Ауқымды құрылыс жұмыстары жоспар бойынша наурыз айында басталып, бір жылдан соң іске қосылады. Облыс әкімі аталған жобаның маңыздылығын атап өтті. Жылыжай мега-кешенінің жобасы серіктес «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясының көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Жоба аясында инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Келес ауданында жүзеге асатын инвестициялық жоба 1 мыңға жуық адамға жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар инвесторлар агросала мамандарын дайындайтын ресейлік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандарды дайындауды қолға алмақ.

«ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі қызметінің негізгі түрі – өндірістік циклі жыл бойы жалғасатын жабық топырақта көкөніс өсіру. АӨХ құрамына Ресейдің бірнеше облысындағы жұмыс істеп тұрған жылыжай кешендері кіреді. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін климаттық жағдайы қолайлы саналатын оңтүстік өңірі арнайы таңдалған. Жобаны қаржыландыруды жеке қаржыландырудан бөлек банк арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

– Бұл өңірімізде жүзеге асатын маңызды жобалардың бірі болмақ. Ауыл шаруашылығы саласында мамандардың біліктілігін арттыру да өте маңызды мәселе. Жоба аясында жерлестеріміз үшін жұмыс орындары ашылады. Оған біз қуанамыз. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әрқашан жоғары. Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту әлеуеті зор маңызды сала. Осындай ірі жобаны жүзеге асыру біз үшін маңызды, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, инвестициялық субсидиялар және жобаны қаржыландыруға қатысты мәселелерді мұқият пысықтауға келісті. Заманауи жылыжай кешендері өсіп жатқан дақылдардың толық циклін бақылайтын, жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.

 

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Жылыжай шаруашылықтарын қарқынды дамытуда Түркістан облысы еліміздегі алдынғы қатарда келеді. Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71% облыстың үлесінде немесе 1569 гектар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қолдауды күшейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

Биыл қаңтар айында ауа райы -22 градусқа дейін күрт суып, қар қалың түсті. Жеке жылыжай шаруашылықтары тиісті көмір қорын қалыптастырмағандықтан қыс мезгіліне дайын болмай шықты.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шұғыл іс-шаралар атқарылып, 591,0 гектар (1058 агроқұрылым) жылыжайларға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмірі отыны қажеттілігі анықталып, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір отыны облысқа жеткізілді.

Екіншіден, жалпы жылыжайлардың 94%-ы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы жылыжайлар болғандықтан кейбіреулерінің өнімдерін үсік шалды. Оның ішінде 167 тауар өндірушінің 36 гектар жылыжайы қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түсті. Осылайша, жеке кәсіпкерлер қаржылық шығынға ұшырады.

Әкімдік тарапынан тауар өндірушілердің мүлкіне келтірілген нұқсан жөнінде акті ұсынылған жағдайда қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін 1 жылдық мерзімге кейінге шегеру жөнінде ұсыныстар жолданады. Сондай-ақ зардап шеккен жылыжайларға қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге жұмыстар атқарылады.

Сайрам: 61 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды

Сайрамауданындағы «Turkistan» кәсіпкерлергеқызметкөрсетуорталығы «біртерезе» қағидасыбойынша 3 бағыттақызметкөрсетіледі. Оларконсалтингжәнежобалдардысүйемелдеубөлімі, соныменқатаррұқсатқұжаттарынрәсімдеубөлімі.

Орталықмамандарышағынжәнеортакәсіпкерліктідамытуғаарналғанжеңілдетілгеннесиеалуғаниетбілдіргенжекежәнезаңдытұлғаларғабарыншакөмекберіп, қолдаукөрсетуде.

2022 жылдыңқорытындысыбойынша, біздіңорталық:

- Жобалардысүйемелдеубөліміарқылы 1133 азаматқакеңесберіліп, 110 бизнес-жоспаржасалынған, тиістіқаржыинституттарымен 61 жобасүйемелденіп, қаржыландырылды. Жалпысүйемелденгенжобасоммасы – 459 млнтеңге.

Рұқсатқұжаттарынрәсімдеубойынша: яғникепілгеқойылатынмүлікқұжаттарынсенімхатнегізінде 120 құжатзаңдастылып, 913 азаматқакеңесберілді.

Мемлекеттікбағдарламалар, қаржылықинституттардыңқаржыландырушарттарыжәнерұқсатқұжаттарыналубойынша, Сондай-ақмемлекеттікқолдаужәнежобалардықаржыландыру, Бизнес-жоспарәзірлеубойыншаОрталықмамандарыкеңесберіп, қызметкөрсетеді.

Айта кетейік, Кәсіпкерлерді қолдау ортылығы «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, орталықтың мамандары кәсіпкерлерге кеңес беріп, бизнесті қолдайтын барлық мемлекеттік бағдарламаларды ұсынып, оқытып, жобаларын сүйемелдейді.

Палата қызметкерлері келесі қызметтерді кәсіпкерлерге тегін көрсетеді:

  1. Бизнесті ашу, жүргізу, жабу және де басқа құқықтық мәселелер;
  2. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламарына  (БЖК-2020, Жұмыспен қамту-2020, Агробизнес, Экспортер-2020,Өнімділік-2020) қатысу үшін құжаттарды дайындау; 
  3. Қаржы институттарының шарттарын түсіндіру жұмыстары;
  4. Салық және статистикалық есептілікті өткізу;
  5. Бизнес-жоспар жазу, менеджмент бойынша көмек көрсету;
  6. Бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерді оқыту.

Қазіргі таңда  Түркістанның барлық аудандары мен қалаларында  Кәсіпкерлерді қолдау ортылығы ашылған. Аталған орталықтарда Кәсіпкерлер палатасының, архитектура, құрылыс, кәсіпкерлік бөлімдерінің және қаржы институттарының мамандары отырады.

 Палата консультанттары  6222 кіші және орта бизнес өкілдеріне әр түрлі қызмет түрлерін көрсетті. Қызметтер саны - 14401. Сонымен қатар, Палата қызметкерлерінің көмегімен «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту -2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясында 192 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің кәсіпкерлеріне,  жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлерге мамандандырылған қызметтер мен жеке консультациялар негізінде сервистік қолдау қолданыстағы заңнамаға тегін ұсынылады. Әрбір компания штатта білікті бухгалтерлерді, заңгерлерді, маркетологтарды, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандарды және т.б. ұстауға мүмкіндік бермейді. Бірақ мұндай мамандарды кеңес алу немесе жекелеген бизнес-міндеттерді шешу үшін сырттан тартуға болады.

Аутсорсинг (сырттан мамандар тарту) салыстырмалы түрде аз шығынмен компаниядағы көптеген бизнес-процестерді реттеуге немесе жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлер бұл мәселелерді тегін шеше алады және сервистік қызметтердің келесі түрлерін ала алады:Есепке алу және салықтық есепке алу бойынша қызметтер, сондай-ақ статистикалық есептерді жасау, соның ішінде: Салық салу және салықтық басқару;Салық заңнамасы және кәсіпорынның есеп беру қызметін реттейтін заңнама;Бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджеттегі басқа да қаражатарды есептеу;Бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;Бухгалтерлік есеп бойынша;«1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істейді;Салықтық және статистикалық есептерді дайындау және ұсыну;Үшінші тұлғалардың қаржылық қызметі туралы қосымша есептерді дайындау;Электрондық статистикалық есепті ұсыну;

Кеден қызметтері, оның ішінде:Кедендік заңнама және кедендік рәсімдер саласында байланысты кеңестер;Тауарларды декларациялау, кедендік құнын айқындау және реттеу, кедендік декларацияны толтыру ережелері мен тәртібі бойынша кеңестер;Арнайы өнімдер туралы тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша кеңестер;Сыртқы экономикалық қызметті құжаттық қолдау;Сыртқы экономикалық қызметке лицензияларды, рұқсаттарды алу бойынша кеңестер;Кеден одағы шеңберінде тауарларды декларациялау бойынша кеңестер;Сыртқы сауда келісімшартының шарттары бойынша кеңестік қызметтер.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы бойынша өтініштерін қолдау:Мемлекеттік органдарда лицензиялар мен рұқсаттар алу туралы;Екінші деңгейдегі банктердің заемдар бойынша;Даму институттарында мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау мәселелері бойынша.Заң қызметтерін ұсыну, соның ішінде:Кәсіпкерді (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, тарату үшін құжаттарды дайындау бойынша кеңестік қызметтер;Кәсіпкерді (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, тарату үшін құжаттарды дайындау;Келісімшарттарды жасау бойынша кеңестер;Келісімшарттардың жобаларын әзірлеу;Азаматтық және еңбек құқығы саласындағы кеңестер;Құжаттарды басқару бойынша кеңестер;Ұсынымдарды ұсынумен құжат айналымының аудиті;Бизнес-жоспардан басқа несие беру үшін құжаттар пакетін дайындау туралы кеңес беру;Бизнес-жоспардан басқа несие беру үшін құжаттар пакетін дайындау;Қызметкерлердің құжаттамалары бойынша кеңестер;Ұсынымдарды беру арқылы кадрлық құжаттаманың аудиті;Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігі бойынша құжаттарды тексеру кеңестердің қызметтері.

Маркетингтік қызметтер, оның ішінде:Баға беру бойынша кеңес;Нарықты ескере отырып, белгілі бір тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге баға белгілеу саясатын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін және жоспарларын талдау, ұқсас тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ұлттық компанияларды және жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алу;Бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қайта қарауға дайындық бойынша кеңестер беру;Бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес (жеке кәсіпкер);Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дамыту (жеке кәсіпкер);Кәсіпорынның маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша кеңестер (жеке кәсіпкер);Кәсіпорынның маркетингтік қызметін бағалау және талдау (жеке кәсіпкер);Тауарларды және / немесе жұмыстарды және / немесе қызметтерді жылжыту бойынша жоспарларды талдау, тауарларға және / немесе жұмыстарға және / немесе қызметтерге сұраныстардың түрлерін зерделеу бойынша кеңестер;Тауарларды және / немесе жұмыстарды және / немесе қызметтерді жылжыту бойынша жоспарды талдау, ұсыныстарды немесе қорытындыларды шығарумен тауарларға және / немесе жұмыстарға және / немесе қызметтерге сұраныс түрлерін зерттеу;Бәсекелестік ортаны талдау бойынша кеңес беру;Нарықты ескере отырып, бәсекелес ортаны талдау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін және жоспарларын талдау, ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алу;Бренд, жарнамалық компанияны дамыту бойынша консультациялар;Брендтік, жарнамалық компанияны дамыту.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, соның ішінде:

  1. Интернет-ресурстарды дамыту және қолдау;
  2. Кәсіпкерлік сайтының жеке кәсіпкерлік картасын құру (жеке кәсіпкер);
  3. Интернетте бизнесті құру және басқару;
  4. Электрондық есеп беру бағдарламасын орнату және қолдау;
  5. «1 C-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау.

 Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алу бойынша қызметтер, оның ішінде:Тендерге / конкурсқа қатысуға өтінімдерді дайындау;Конкурсқа / конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптау (аудит);Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базасы бар интернет-ресурсқа қосылу;Кәсіпкер / жеке кәсіпкердің мемлекеттік және басқа да сатып алуларға қатысу мүмкіндігін жақсарту туралы құжаттамасын сараптау (аудит);Сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне / әрекетсіздігіне шағымдану;Қазақстандық мазмұнды есептеу;Сатып алудың жылдық жоспарларына негізделген Қазақстанның мемлекеттік және басқа да сатып алулар нарығының әлеуеті туралы талдамалық есептерді ұсыну.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы консультациялар (бұдан әрі - МЖӘ):

  1. Жеке серіктестікті анықтау бойынша байқау шеңберінде әлеуетті жеке серіктестің тендерлік өтінімін дайындау;
  2. Жеке серіктестікті анықтау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу;
  3. МЖӘ келісімшартын дайындау;
  4. МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері;

Қызмет алғаннан кейін кәсіпкермен өтеусіз қызмет көрсету туралы шарт жасалды, орындалатын жұмыстар туралы актіге қол қойылды.

Түркістан: Мемлекеттік гранттарға қатысу және кәсіпкерлікке бейімдеу сөз болды

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде кездесу өтті.

▪️Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру мақсатында аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлесіп жұмыс жүргізу бойынша дөңгелек үстел өтті.

▪️Дөңгелек үстелде қаралған алғашқы негізгі мәселе жастардың жұмыспен қамтылуы. Сонымен қатар, мемлекеттік гранттарға қатыстыру және кәсіпкерлікке бейімдеу. Кездесу екі тараптың Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасындағы өзара ынтымақтасты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары түзілді.

▪️Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық модератор болды. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Ақымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Темірбаева Әсия Құралқызы өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын түзді. Жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген заңдылықтар мен өзгерістері жайлы толыққанды ақпаратпен бөлісетін боламыз.

СОЗАҚ: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларына түсіндірме жасау жөнінде семинар-кеңес өтті.

Семинар – кеңестің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды семинар кеңесті ашып, бірқатар күн тәртібінде тұрған мәселелерге көпшіліктің назарын аударып, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын сақтауға бағытталған талаптарын түсіндіру мақсатында облыстық, аумақтық инспекциясымен ауыл шаруашылығы басқармасының сала мамандары келгенін айтып өтті.

Жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары және салалық бөлім басшылары, аудандық инспекция қызметкерлері, Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысы, мамандары, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы, мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, орынбасарлары және ауылшаруашылығы тауарын өндіруші жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары Б.Музаппаров инспекцияның негізгі міндеттері мен мақсаттары жайында баяндаса, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясың өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлім басшысы М.Куренбаев өзінің алғы сөзінде, аудан аумағында жеке және заңды тұлғалардың реттелетін салада қолданыстағы Қазақстан Республикасының агроөнекәсіптік кешенді реттеу мақсатындағы заңнамарының талаптарына инспекция тарапынан түсіндірме жүргізуге ықпал ету, алдағы уақытта осы саладағы заң бұзушылықтардың тәуекелдерін болдырмау және олардың алдын алу төңірегінде мәселелерді атап айтып, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен тиісті жеке және заңды тұлғалар арасында қолданыстағы агроөнекәсіп кешенін реттейтін заңдарды жетік білмейтін немесе білсе де елемейтін фактілер кейінгі кезде жұмыс барысында жиі ұштасып жататын жағдайларды көрсетіп, күн тәртібінде тұрған қажетті заңнамалардың талаптарын кәсіби түрде шарушылық субъектілеріне түсіндіру шараларын жасау маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің маманы Е.Ештаев Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптарын түсіндіріп өтті.

Аталған жиында шаруалар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мәжіліс залында аудан жастарымен кездесіп, қаржылық сауаттылықты арттыру дәрістерін өткізді.

Кездесуде жастарға жеке бюджетті бақылау, карталарды қорғау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтарымен, «Ақылды сауда» қағидаты, қаржы пирамидасы мен оның зардаптары, алдын-алу шаралары түсіндірілді.

Алаяқтардың жұмысын кеңінен жүргізіп, құрығына ілінетін адамдардың санын көбейтуіне ғаламторы дамыған қазіргі уақыт үлкен септігін тигізіп отыр. Қаржылық пирамиданы жүргізушілер телефонға телмірген аңғал елді түрлі тәсілдермен алдап, үйде отырып-ақ үлкен табысқа кенелуге болатынын айтып сендіреді. Табысынан айырылған немесе табысын тиімді жұмсай алмайтын азаматтар оңай олжаға кенелуді жөн санап өзінің маңдай терімен тапқанын, жетпесе қарыз немесе пайыздық үстеме ақша, тым болмағанда несие алып алаяқтардың қолына тапсырады. Онысымен қоймай өзінің артынан ертегіге сенгіш өзі секілді бірнеше адамды алып келеді. Міне, осындай жолмен салымшылар қатарын қалыңдатқан қарапайым жұрт алаяқтардың ауызын ақшаға толтырып келеді. Айтылған мерзімде уәде етілген жұмақ мекен де, қап-қап қаражат та көзден бұл-бұл ұшқан соң алданғанын білген салымшы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып, табанынан таусылады. Жапа шегушілер тарапынан жазылған арыздардың ешбірі қараусыз қалдырылмайды, аталған қаржылық пирамидалар ІІМ-нің жүйесіндегі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуға ең тәжірибелі деген білікті мамандардың тергеп-тексеруімен әшкереленеді. Әйтсе де, құзырлы органдар пирамидаларды жүргізушілердің қылмысын дәлелдегенімен қанша адам ақшасынан айырылып, зардап шегіп үлгереді. Міне, осылайша қарапайым ғаламтор да қылмыскерлердің арам пиғылын жүзеге асыруға өз септігін тигізіп отыр.

Қаржылық пирамидаларға қарсы құзырлы органдар тарапынан қыруар жұмыстар жүргізіліп жатса да алаяқтардың арбауына түсіп, «ауызы күйгендердің» саны азаяр емес. Қаржы пирамидасының салқынына бетпе-бет келген біраз отандастарымыз, ағайын-туыс, жора-жолдастарымыз бармақ тістеп, сан соғып қалса, енді біреулері өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне де барып жатыр.

Жүздесу барысында осындай оңай олжа мен «батпан құйрық» компаниялардан бойларын аулақ ұстауға шақырған Гүлзия Қарсыбай жастарды өзімен қоса өзгелердің де қалтасын қағып «қарғысын» арқаламай, адал мен арамның аражігін ажырата білу қажеттігін ескертті.