“ЗАҢ КЕРУЕНІ” ШЫМКЕНТТЕ ӨТТІ

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» Шымкентке кеп тоқтады. Қарашаның бірінен басталған акция бүгін Түркістан сарайында жалғасты.

Акцияға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қалалық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктің салалық басқарма басшылары атсалысып, азаматтардың талап-тілегі мен арыздарын тыңдады.
Мұндағы мақсат - жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
“Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы бар және онда кезекші прокурорлар азаматтарды кез келген уақытта қабылдайды. Дегенмен, біз азаматтарға өз аяғымызбен барып, шалғай елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап жатырмыз”, – деді Ғабит Мұқанов.
Акцияның алғашқы күнінде сұрақтары мен арыздарын айтып келгендердің басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қозғаған.
Айтып өтейік, «Заң керуені» Шымкентте қараша айының 4-іне дейін жалғасады.
Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелері көтерілді. Денсаулық саласы мен білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру жөнінде де сұрақтар аз болған жоқ.
Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.
Дәл осы сәтте Шымкент қалалық прокуратурасының прокурорлары да арнайы ашық есік күнін ұйымдастырып, “Заңдылық керуені” акциясы аясында жеке қабылдауға келген тұрғындар сұрағына тұщымды жауаптар беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Барлық мәселе заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты шешілу жолдары айтылып, хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.

ШЫМКЕНТ: СПОРТҚА БЕЙІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР БОУЛИНГ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкентқаласында «Special Olympics Kazakhstan» жобааясындабоулингтентурнирөткен болатын.Бұлерекшебілімдіқажетететінбалалар, жасөспірімдерменжастарғаарналғанеңіріспортұйымы. АрнайыОлимпиаданыңмиссиясы – зияткерлікдамуындаауытқуларыбарбалаларүшінәртүрліолимпиадалықспорттүрлерібойыншажылбойыжаттығуларменжарыстардыұйымдастыру.

РеспубликакөлеміндегібұлойынғаБатысҚазақстан, ШығысҚазақстан, АқмолаоблыстарыменАстана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбеқалаларынанқатысушыларжиналды.⠀

ТурнирдіңашылусалтанатынаШымкентқаласыбілімбасқармасыныңбасшысыЖанатТәжиевақатысып, жасөспірімдергесәттіліктіледі.

—⠀Оқу-ағартуминистрлігініңтікелейбасшылығыменбарлықбілімұясындасалауаттыөмірсалтынқалыптастырумақсатындакөптегенспорттүріненжарыстарөтеді. Албүгінгіатаулыойындаерекшебалаларойынкөрсетеді. Олардыңмұндайсайысқақатысқаныныңөзіерлік. Сайысқаоқушылардытыңғылықтыдайындағанұстаздардыңеңбегікөңілқуантады. Барлықспортшыларбиіктұғырданкөрінугелайық, - дедіЖанатТәжиева.

 

Мүмкіндігішектеулібалалар⠀арасындабоулингтенреспубликалықтурниргеШымкентқаласыәкімдігі, Шымкентқаласыныңбілімбасқармасы, «GALAXY BOWLING» ойын-сауықорталығы, «Визит»ЖАҚ,⠀«Sity» қонақүйіқолдаубілдірді. Мұндағымақсат – қатысушылардыңспорттықжетістіктеріарқылыөзінедегенсенімділікпенөзін-өзіқорғаудыдамыту. Бұлөзкезегіндеәлеуметтікқызметтергеқолжеткізудіжеңілдетеді, жұмысмүмкіндіктерінашадыжәненәтижесіндеқоғамғакөбірекқатысудықамтамасызетеді.

⠀

— Боулингтенжарысу — балаларғақайжағынаналыпқарасақтаөзкөмегінтиігізеріанық. Сайысқакелгенбалалардыңөздеріарнайыәлеуметтікқызметорталығынанболғандықтан, сыртқакөпшықпайды. Сондықтаноларосындайжарыстарарқылыбірсерігіп, қоғамныңмүшесіретіндесезінеді. Алдағыуақыттаауқымдыойындарболадыдепүміттенеміз.. Бұданбұрындаатлетикаданөткенсайыстаекіншіорындыиеленгенбіз,-дедіШығысҚазақстаноблысынанкелгенЕрікАсанұлы.

«Special Olympics Kazakhstan» Шымкенттеекікүнгежалғасады. Сайыс 8 жәнеоданжоғарыжастағыжасөспірімдергеарналған. Бұлойынжылбойынаөтетінспорттықбағдарлама. Оған 2,25 миллионнанастамспортшықатысып, 170 елде 30 олимпиадалықспорттүрібойыншаспортшыларжергілікті, аймақтық, ұлттықжәнеДүниежүзілікойындардаөзшеберлігінкөрсеткенболатын.

 

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН САРАПТАҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Қазіргі заманда әйелдердің қоғамдағы рөлі орасан. Олардың қатарында аналар ғана емес, іскер әйелдер мен басшылық қызметтегі нәзік жандылар да бар. Шымкент қаласында «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» атты форумда әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және қаржылық әлеуетін көтеру жайы талқыланды. Жиынды «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырып отыр.

Форумда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, Шымкент қаласы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Баян Жандосова және Қостанай қаласынан келген еліміздің ең үздік акушер-гинекологы Гүлнара Қожагелдина баяндама жасады. Жиынды «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізді.

–Біздің партия барлық саладағы әйелдердің рөліне ерекше көңіл бөледі. Бүгінде өзім жетекшілік ететін партияның Шымкент қалалық филиалы жанында 11 қоғамдық кеңес құрылып, түрлі салалар бойынша жұмыс жүргізуде. Осы кеңестің құрамында әйелдердің үлесі орасан. Жетекші партияның сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан қаралған, - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Пікіралмасу форматында өткен форумда көпбалалы аналар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Сүйлейменоваға толғандырған бірнеше сұрағын қойып, ұсынысын жеткізді.

–Өзім 5 баланың анасымын. Қаладағы қоғамдық көліктерде тек «Алтын» және «Күміс» алқа иелері ғана ақысыз жүре алады. Ал, біз секілді 4-5 баласы бар аналар үшін де осындай жағдай қаралса екен. Мәселен, Алматы мен Астана қалаларында 5 балалы аналар «көпбалалы аналар» санатына кіреді және көптеген әлеуметтік қолдау жобаларына қатысады. Одан кейінгі мәселе, атаулы әлеуметтік қолдау қаражаты отбасындағы бала санына қарамай берілсе деген ұсынысымыз бар. Қазір әйелдер арасында ота арқылы босанғандар өте көп. Олар тек 4 балаға дейін босана алады. Міне, осындай аналарға да «көпбалалы ана» деген мәртебе берілсе құп болар еді, - деді Айгерім Ерланқызы.

Бұл ұсынысқа Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы:«Жуырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әйелдерді әлеуметтік қолдау бағытында жаңа концепциясын ұсынды. Қазір құжатқа 3-4 баланы дүниеге әкелген аналардың жаңа мәртебесі туралы ұсыныстар енгізіліп жатыр. Ал, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру мәселесі жергілікті бюджет есебінен атқарылады», -деген жауабын жеткізді.

Форум барысында, ерекше кәсіпте еңбек еткен әйелдері суретке түсіріп, оларды насихаттап келген «URKER-2022» ұлттық сыйлығы аясындағы Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия иегері Әйгерім Бегімбет өзінің кейіпкерлері жөнінде баяндап берді.

Жиын соңында «Amanat» партиясының қалалық атқарушы хатшысы Ж.Бектаева партия жанынан «Әйелдер қанаты» құрылатынын жеткізді.

Сауран ауданында жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Құдияровтың төрағалығымен мәжіліс болып өтті. Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ КЕЗЕКТІ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала халқын жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді.

Жалпы 250 - ден астам азаматты қала әкімі және салаға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.

Әртүрлі себептермен қиын жағдайларға тап болып, жәрдем сұрап келгендердің тізімі алынып, шешім жолдары қаралды.

Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелері көтерілді. Денсаулық саласы мен білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру жөнінде де сұрақтар аз болған жоқ.

Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.

Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.

Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.

Дәл осы сәтте Шымкент қалалық прокуратурасының прокурорлары да арнайы ашық есік күнін ұйымдастырып, “Заңдылық керуені” акциясы аясында жеке қабылдауға келген тұрғындар сұрағына тұщымды жауаптар беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдағы кезекті кездесуде әкімге 200-ден астам тұрғын ыталап-тілегімен келген еді.  М.Әйтеновпен қоса, мәселеге қатысты басқарма басшылары, салаға жауапты әкім орынбасарлары, Шымкент қаласы полиция департамент басшылары мен прокуратура секілді мемлекеттік органдар өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.

Айта кетейік, Шаhар басшысының жыл басынан бастап мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіліп, 1020 мәселе көтерілген. Әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 488 мәселе шешілген, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болса, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілген. Одан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтуде.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ “ОРДА” ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту - ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV , волейболдан I, жүзуден I , шахматтан I , гір тасын көтеруден VII , үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I , ал жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.
Айта кететін, «Шымкент» командасын футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы болған еді.
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.
Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.
Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.
«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.
Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

ШЫМКЕНТТЕ “ЭТНО ШЫМКЕНТ” ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру үшін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Shym Qala» этно ауылында «Этно Шымкент» фестивалі өтуде. 

Фестиваль аясында алдымен «Ұлы Жібек жолы» керуені жүріп өтіп, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен жергілікті өнерпаздар ұлттық нақыштағы әндерден шашу шашты. «Tary», «Jeti tandyr», «Bro Shashlyk», «MaxPLOV» - келушілерге ұлттық және шығыс тағамдары дайындалды. Одан өзге, ұлттық киімдер көрсетілімі, ұлттық тағамдардың әзірлену жолы көрсетілді. Қаланың жергілікті қолөнершілері, театр әртістері мен суретшілері де өз жұмыстарын ұсынып отыр.

Іс шараның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи деректерге сүйене отырып, «Жібек жолы» бойындағы көне Шымкент қаласының атмосферасын, тұрмыс-салтын көрсету. 

Іс-шара барысында қолөнер, кәдесый бұйымдарын жасау, ұлттық тағамдар бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, кешкі уақытта от, барабан және лазерлік шоудың ұмытылмас қойылымы болады. Сондай-ақ "Тұран" этнофольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалауға болады. 

“Алдағы уақытта да қаламыздың терең тарихы мен мәдениетімізді ұштастыра көрсететін осындай игі шараларды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шара арқылы біз қаламыздың танымалдылығын арттырып, әрі халыққа есте қаларлықтай әсер сыйлауды ниет етті”,- деді басқарма басшысы Е.Қыдыров.

Жалпы, бүгінде Шымкенттің тарихи, мәдени орындарына саяхаттау мақсатында түрлі туристік маршруттар әзірленіп, олар жайлы ақпарат беретін гид-экскурсоводтар қызметі ұйымдастырылған және туристік автобустар жолға қойылған. 

Соңғы 9 айда экспресс көрсеткіш бойынша Шымкент қаласына 350 мыңға жуық адам турист келсе, оның 25 мыңнан астамы шетелдіктер. 

Ұйымдастырушылар осындай іс шараларды көптеп ұйымдастырудың арқасында шаһарға келушілердің санын 400 мыңға жеткіземіз деп отыр.

 

ШЫМКЕНТ: АТАЖҰРТҚА ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАР 6 АЙ ТЕГІН ТҰРЫП, ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АҚЫСЫЗ АЛА АЛАДЫ

Шымкентке көшіп келген қандастар Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында алты ай тегін тұрып, ақысыз қызмет ала алады. Шымкент қаласы әкімдігінің тартақан мәліметі осындай. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Мұнда тарихи Отанына оралған қандастарымыз 6 ай мерзімінде тегін тұрып, ақысыз қызмет түрлерін пайдалана алады. Орталықта бүгінде 8 отбасы, барлығы 27 қандас бейімделуде. Оның 15-сі - бала, қалғаны ересек. Қызмет алушылар үшін асхана, демалатын бөлме және арнайы оқу бөлмесі қарастырылған.

Қандастарға 6 түрлі кіші кәсіптік мамандық (аспазшы, кондитер, есеп және аудит, электрик, тігінші, газэлектродәнекерлеуші) және қазақ тілі, орыс тілі, ҚР Заңнамасы, ҚР тарихы, этно-педагогика (әдет-ғұрып), халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие сынды 6 пәндік дәрістер қалаулары бойынша оқытылады.

Сондай-ақ жеке меншік оқу орталықтарымен жасалған әріптестік байланыс аясында, 5-17 жас аралығындағы балалар "Шешендік өнер", "Зергерлік өнер", "Шахмат", "Домбыра", "Биссермен өру", үйірмелеріне тегін қатысуға мүмкіндік алған.

Ал ұжым қызметкерлерінің атсалысумен орталыққа "Отбасы банк" кеңесшілері келіп, тұрғын үй жайлы ақпараттар ұсынып, нәтижесінде 5 қандас өз депозиттерін ашқан.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, тұрақты түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, атажұртына оралған қандастарымыз мәдениет ошақтарына және тарихы қасиетті орындарға жиі барып, ұлттық салт-дәстүрімізбен етене танысуда.

 

Айта кетейік, орталыққа 2008 жылдан қазіргі таңға дейін 789 отбасы, 2216 қандас келіп бейімдеу қызметтерін пайдаланып, 1060 қандас кіші кәсіптік мамандық алып шыққан.

 

ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ КҮН САНАП АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте келесі жылдан бастап жылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.

Шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артанын жеткізді.

Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 7 жаңа жобаның таныстырылымы өтті.

Түркиялық «Stars Cosmetics»ЖШС басшысы Абдулхаким Мухаммадмуса

«Оңтүстік» индустриалды аймақтан сұйық сабын өндірісін ашуды көздейді. 1,5 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 3 мың тонна өнім болмақ. 2023 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 30 адам жұмыспен қамтылады.

Түркиялық «Milat Hali» ЖШС басшысы Искандер Каплан «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 2,5 га жерге кілем өндіретін зауыт құрылысын салуды ұсынды. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба жылына 5 млн кв/м кілем өндіруді көздейді. Аталған жоба арқылы жұмыссыз жүрген 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыс табатын болады.

«Элмехмонтаж» ЖШС басшысы Қанатбеков Ержан құрылысқа арналған газоблоктар шығаратын зауыттың жобасын ұсынды. Жылына 60 мың м3 блок шығаратын қуатты өндіріс ошағын «Жұлдыз » индустриалды аймағынан салуды жоспарлауда. Жобаның құны 500 млн теңге болмақ. Нысан құрылысы 2023 жылы салынып, сәтті жүзеге асса 20 азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Штаб отырысында бұдан басқа құрамалы контейнер өндіретін, терезе рамаларын жасап шығаратын және сантехникалық мебельдер мен архитектуралық формалар өндіретін инвестициялық жобалар қаралды. Аталған 3 жоба да жүзеге асса қаламызға тағы да қосымша 1 200 млн теңге инвестиция тартылып, 75 жұмыс орны ашылатын болады.

Мұрат Дүйсенбекұлы ZOOM бейнеконференциялық байланыс арқылы жобалардың әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.

 

ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕГІ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қалалық онкологиялық орталыққа ПЭТ/КТ аппараты орнатылды. Ашылу салтанатына шаһар басшысы Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, құрылғының жұмысымен танысты.

Ядролық медицина орталығында жоғары технологиялық медицина қызметін көрсететін аппараттар орнатылған.

“ Varian Halcyon” -қондырғысы арқылы науқастарға сәулелік терапия емі жүргізіледі. Мұндай құрылғы Өзбекстан, Тәджікістан, Қырғыстан сынды елдерде жоқтың қасы. Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғы Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа орнатылды.

Айта кетейік, ПЭТ/КТ - бұл компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография. Басқаша айтқанда, глюкоза негізінде радиофармпрепараттардың көмегімен онкологиялық аурулар мен бас миының ауруларына дәл диагностика жасауға мүмкіндік беретін аппарат.

Қатерлі ісіктің бастапқы пайда болу сатысын анықтауға және патологиялық процессті басқа әдістерге қарағанда ертерек білуге септігін тигізетін соны жабдық. Дәрігерлер заманауи құрылғының көмегімен обыр ауруларының ошағын дәл тауып, пациенттердің емдік шараларын дер кезінде бастауға мүмкіндігіміз көбеймек деп қуанды.

Ал қала басшысы ядролық медициналық кластер үшінші мегаполистің медициналық туризмін жетілдіретін бірден-бір тетік екенін айтып өтті.

- Өйткені біз Шымкент қаласына ғана емес, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының халықтарына қызмет көрсете аламыз… Ата заңымыздың басты құндылығы халқымыздың денсаулығы екенін ескерсек, атқарып жатқан іс шаралар өмірдің талабы. Қымбат тұратын медициналық қызметтің бұл түрі енді жергілікті халыққа қолжетімді болады”,-деді М.Әйтенов.

Айта кету керек, биыл Шымкент қаласы әкімідігі тарапынан медицина мамандарын оқыту үшін 36 млн қаражат бөлінді. Жыл басынан бері 10 мыңға жуық медицина маманы кәсіби біліктілігін шыңдады. Мәселен, 800 маман жергілікті бюджет есебінен оқыса, қалғандары емдеу және аурухана есебінен оқыды.