Бейсенбі, 17 Қараша 2022 15:18

“ЗАҢ КЕРУЕНІ” ШЫМКЕНТТЕ ӨТТІ

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» Шымкентке кеп тоқтады. Қарашаның бірінен басталған акция бүгін Түркістан сарайында жалғасты.

Акцияға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қалалық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктің салалық басқарма басшылары атсалысып, азаматтардың талап-тілегі мен арыздарын тыңдады.
Мұндағы мақсат - жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
“Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы бар және онда кезекші прокурорлар азаматтарды кез келген уақытта қабылдайды. Дегенмен, біз азаматтарға өз аяғымызбен барып, шалғай елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап жатырмыз”, – деді Ғабит Мұқанов.
Акцияның алғашқы күнінде сұрақтары мен арыздарын айтып келгендердің басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қозғаған.
Айтып өтейік, «Заң керуені» Шымкентте қараша айының 4-іне дейін жалғасады.
Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелері көтерілді. Денсаулық саласы мен білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру жөнінде де сұрақтар аз болған жоқ.
Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.
Дәл осы сәтте Шымкент қалалық прокуратурасының прокурорлары да арнайы ашық есік күнін ұйымдастырып, “Заңдылық керуені” акциясы аясында жеке қабылдауға келген тұрғындар сұрағына тұщымды жауаптар беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Барлық мәселе заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты шешілу жолдары айтылып, хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.

Оқылды 211 рет