Түркістан облысы: Төлеби ауданында халық игілігіне бағытталған жобалар жіті бақылауда
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы инфрақұрылым және ауыз су жүйелерінің жай-күйімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен бірнеше елді мекенді аралады. Іссапар барысында аудан басшысы Абай–Ұйымшыл елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды.