Super User

Super User

Шымкентте жаңа автобустар әлеуметтік бағыттарда қатынай бастады

Шымкентке жуырда ғана жеткізілген жаңа автобустар қоғамдық көлік бағыттарына бөлініп, қатынай бастады. Бүйірлеріне қаланың символы - қызыл қызғалдақ салынған аппақ автобустар әзірге үш әлеуметтік бағытта жүр. «T-bus» компаниясы жыл соңына дейін тағы 70 жаңа автобус жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша Шымкент қаласындағы жаңа автобустардың қатары көбейіп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін болады.

Шымкенттің аймақтық даму институты құрылады

Шымкент қаласының өзінің аймақтық даму институты болады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 5 шілде күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) түріндегі аймақтық даму институтын құру туралы шешім қабылдады. Ол институт толығымен қала әкімдігіне қарасты болмақ. 

Шымкент шаһары Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына қалай атап өтті?

Қала әкімдігінде өткен салтанатты жиынға 400-ден аса адам, қала активі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органының өкілдері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері қатысты. Жиылғандар алдында сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баршаны аяулы да асқақ қаланың дүбірлі мерекесі – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Шымкент: газбен жабдықтау сапасына шағымыңыз болса...

Егер де сізде қандай да бір коммуналдық қызмет көрсету бойынша түйткілді мәселелер туындаса, айталық, газбен жабдықтау, ондағы қызмет сапасын жақсарту жөнінде шағымыңыз болса, алдымен қайда жүгінер едіңіз? 

Осы RSS каналға жазылу