Super User

Super User

Шымкент: 10 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек қаржысын төлеуге жұмсалады

Шымкент қаласының бюджетіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 22 млрд теңгеден астам қаражатты бүгін қалалық мәслихаттың депутатары салаларға бөлді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 57 сессиясында бюджетте біраз өзгерістер орын алды.

Шымкент қаласының әкімі Бас консулмен кездесіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Суды қабылдады. Кездесуге Корея Республикасының бірнеше өкілдері де қатысты.

Шымкентте «Өзіңе өмір сыйла» атты заманауи драма сахналады

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы Самат Алтаевтың «Өзіңе өмір сыйла» атты заманауи драмасын сахналады. Қойылым жастардың өмірге деген құштарлығын оятып, өз-өзіне қол жұмсаудан бойын аулақ ұстауға шақырады.

Шымкентте жылу беру маусымы басталды

«3-Энергоорталық» Акционерлік Қоғамы әзірге 3 жылу қазандығының 1-уін ғана іске қосып отыр. Өйткені, биылғы күз жылдағыдан едәуір жылы. Алайда мамандар тұрғындардың жылу үшін берешегі азаймай отырғанын алға тартады. Қарыз - 200 млн-нан асып отыр. Қыс ауасында болатын қиындықтарды болдырмау үшін борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті.

Осы RSS каналға жазылу