Super User

Super User

Кентаулық шаруа жылыжайдан жылына 40 тонна өнім алып отыр

Кәсібі кеңейген «Шахнұр» шаруа қожалығы бүгінде жылына 40 тонна өнім алып отыр екен. Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1996 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан Уәлихан Асаев, жылыжаймен айналысқандардың ішіндегі алғашқысы деп айтсақ қателеспейміз.

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға оқу құралдары табысталды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы аз қамтылған отбасыдан шыққан 55 балаға мектепке қажетті формалар алып берді. Шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылуда. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Шардарада әуесқой балық аулаушылар арасында халықаралық жарыс басталды

Жетісай аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жетісай аудандық аңшылар мен балықшылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік сайысқа Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Келес аудандарымен қатар Шымкент қаласынан, көршілес Өзбекстан елінен 25 команда қатысуда.

Түркістан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында 20040 орындық 68 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде облыста жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде. Облыстағы 836 білім беру нысандары жөндеуден өткен.

Осы RSS каналға жазылу