Super User

Super User

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында жаңа қонақ үй ашылды

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында заманауи жаңа қонақ үй нысаны бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ауыл қариялары, тұрғындар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Жобаны созақтық жеке кәсіпкер Ержан Әбілпаттаев жүзеге асырды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналған қауымды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтап, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен жеке инвестиция тартудың аудан экономикасын дамытудағы маңызына тоқталды.

Созақ төрінде «Мерейлі кеш» атты ашық аспан астындағы гала-концерт өтті

Созақ төрінде қазақ эстрадасының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, талай буынның жүрегінен орын алған «МузАрт» тобының шығармашылық жолына 25 жыл толуына арналған «Мерейлі кеш» атты ашық аспан астындағы гала-концерт өтті.

Созақ ауданында соңғы екі жылда асфальт төселген ішкі жолдардың үлесі 88 пайызға жетіп отыр

Созақ ауданындағы елді мекендердегі ішкі жолдардың сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соңғы екі жылда асфальт жабындысы төселген ішкі жолдардың үлесі 66 пайыздан 88 пайызға дейін артып, жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды.

Осы RSS каналға жазылу