Super User

Super User

Шымкентте жас теннисшілер арасындағы Қазақстан кубогы басталды

Шымкент қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас спортшылар бас қосқан байрақты бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті. Биылғы турнирдің орны ерекше. Себебі Қазақстан кубогы өзінің он жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде ұйымдастырылып отыр.

«Ордабасы» футболшылары жанкүйерлерді Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Шымкент қаласында еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Құрылтай сайлауына жұртшылықтың белсенді қатысуы жалғасып жатыр. Бұл маңызды науқаннан спорт саласының өкілдері де шет қалған жоқ. Атап айтқанда, Шымкенттің намысын абыроймен қорғап жүрген «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасау үшін Қажымұқан атындағы Орталық стадионда орналасқан №90 сайлау учаскесіне келді.

Сауран ауданы: заңсыз құрылыс пен жер пайдалану мәселесі бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан аумағындағы заңсыз құрылыс нысандары мен жер учаскелерін заң талаптарын бұза отырып пайдалану мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға тиісті салаға жауапты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысты.

Сауран ауданы: Абай ауылы алкогольден бас тартып, тұрғындар ортақ шешімге келді

Бабайқорған ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық қоғамдық ұйымдардың бастамасымен «Арақсыз ауыл» жобасы және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптары аясында кездесу өтті. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ардагерлер, дін өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Осы RSS каналға жазылу