Сауран ауданы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде мәдени әлеуетін таныстырды
Түркістан облысында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Сауран ауданының мәдени күндерімен өз мәресіне жетті. Ауқымды мәдени шара аясында ауданның өнер ұжымдары мен шығармашылық өкілдері ұлттық өнердің үздік үлгілерін ұсынып, Сауран өңірінің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін көпшілікке кеңінен таныстырды.