Super User

Super User

Түркістан облысында 50 гектар аумақта ерекше экопарк салынып жатыр

Түркістан облысында Қарашық өзенінің маңында жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын «Түркістан» экопаркінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда.

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжай іске қосылмақ

Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды халықаралық жоба – «Ecoculture-Eurasia» іске асырылуда. Келес ауданы аумағында салынып жатқан заманауи жылыжай кешені Қазақстандағы ғана емес, Еуропадағы ең ірі жабық агроөндірістік нысандардың біріне айналмақ.

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бас мүфти мен облыс әкімінің қатысуымен ағаш егу акциясы өтті

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Игі шара өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Түркістан облысы: шегіртке қоныстанған 7 ауданда тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысында фитосанитариялық ахуал мен өзекті мәселелерді шешу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Болжам орталығының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін марокколық шегіртке дернәсілдеріне қарсы 546 451 гектар жер зерттелген. Оның ішінде 176 473 гектарда зиянкестің таралуы экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған. Қазіргі уақытта шегіртке қоныстанған 7 ауданда тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері бойынша Ордабасы, Шардара, Бәйдібек, Сауран және Қазығұрт аудандарында нақты іс-шаралар қолға алынған.

Осы RSS каналға жазылу