Super User

Super User

Жасы ғасырға жуықтаған әжеге күрделі ота жасалды

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада 97 жастағы науқасқа күрделі хирургиялық операция жасалды. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен әжей ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, консилиум қорытындысы бойынша шұғыл түрде хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдаған. 

Шымкентте бұған дейін екі рет егіз босанған ана үшемді дүниеге әкелді

Шымкент қаласында көпбалалы отбасы тағы бір қуанышты жаңалыққа кенелді. Қалалық перинаталдық орталықта бұған дейін екі рет егіз босанған ана үшемді дүниеге әкелді. Үш сәбидің өмірге келуімен отбасындағы бала саны онға жетті. Бұл – отбасы үшін ғана емес, ақ халатты абзал жандар үшін де ерекше қуанышты оқиға. 

Шымкент пен Түркия дәрігерлері халықаралық тәжірибе алмасты

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Қаладағы №1 қалалық клиникалық ауруханасына Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласынан бір топ медицина маманы арнайы жұмыс сапарымен келді. Кездесудің негізгі мақсаты – екі ел дәрігерлері арасындағы кәсіби байланысты дамыту, медициналық тәжірибе алмасу және заманауи диагностика мен емдеу әдістерін талқылау. 

«Қызғылт қазан»: әйелдер денсаулығын қорғауға арналған ашық есік күні өтті

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыруға, аурудың алдын алуға және оны ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған «Қызғылт қазан» халықаралық ақпараттық науқаны ретінде аталып өтеді. Осы маңызды бастама аясында Шымкент қалалық №2 емханада әйелдер денсаулығын қорғауға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. 

Осы RSS каналға жазылу