Сәрсенбі, 22 Шілде 2026 11:19

Түркістанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Ауқымды рухани-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов жүргізді. Ол Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы ұлттық бірегейлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеуге қызмет ететінін атап өтті. Жиында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу мен кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Өңір басшысының құттықтау хаты мен сәлемін жеткізді. Мәслихат төрағасы «Ясауи керуені» жобасы өңір тұрғындарының тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы рухани тұтастықты нығайтуға серпін беретінін атап өтті.

Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасының тарихи және рухани маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым ұлы ойшылдың түркі дүниесіндегі орнына және оның ілімінің қазіргі қоғам үшін өзектілігіне жан-жақты тоқталды. Университет доценті, дінтанушы Сержан Оразбай «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, «Диуани хикмет» еңбегіндегі адамгершілік, имандылық және рухани кемелдену идеяларының тәрбиелік маңызын түсіндірді. «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы Бауыржан Сайфунов «Қожа Ахмет Ясауидың тарихи тұлғасы және ұлттық идентификация» тақырыбында баяндама жасап, Яссауи мұрасының ұлттық сананы қалыптастырудағы орнына назар аударды. Философия докторы Төлеген Мұхит Яссауи ілімі мен қазақ халқының салт-дәстүрлері арасындағы тарихи және рухани сабақтастық мәселелерін кеңінен талдап берді.

Іс-шара барысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, жастар арасында насихаттау және рухани құндылықтарды қоғамдық өмірге кеңінен енгізу бағыттары бойынша пікір алмасты. Сарапшылар Ясауи мұрасын дәріптеу рухани қауіпсіздікті нығайтудың, ұлттық тұтастықты сақтаудың және дәстүрлі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Түркістан облысының Дін істері басқармасының мәліметінше, «Ясауи керуені» жобасы алдағы уақытта облыстың барлық қала және аудандарында жалғасады. Жоба аясында тұрғындарға арналған ғылыми-танымдық кездесулер, семинарлар және рухани-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен танытуға бағытталған жоба өңір тұрғындарының тарихи-рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы рухани келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етпек.

Ахмет Ясауи кім?

Қожа Ахмет Ясауи ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани өмірінде ерекше орын алған сопылық дәстүрдің негізін қалаушы. Арыстан Баптан алған аманатты «Хикметтері» арқылы адамдардың бойына сіңірген, қасиетті аманатты Хорасан әулиелерімен әлемнің төрт бұрышына жеткізген, көне түркі (шағатай) тілінде жазған хикметтерімен тіліміздің дамуына және баюына үлкен үлес қосқан атақты әулие, «Түркістан Пірі» болып табылады.

Ахмет Яссауидің өмірі, тұлғалығы және оның ықпалы туралы тарихи құжаттар мен мәліметтер өте аз. Барлары да аңызбен астасып жатыр. Ахмет Яссауи Батыс Түркістандағы Шымкент қаласының шығысындағы Тарым өзеніне құятын Шахияр өзенінің Қарасу бойында орналасқан Сайрам қаласында дүниеге келген. Ежелгі заманнан бері маңызды орны бар Сайрам қаласы, Исфиджап немесе Акшехир деп аталған. Нақты туған жылы белгісіз болып саналатын Ахмет Яссауидің Жүсіп әл-Хамеданимен байланысы және оның халифасы болғанын ескеретін болсақ, 5 ғасырдың екінші жартысында (11 ғ.) дүниеге келген деуге болады. Әкесі шейх Ибрахим, Сайрамда өзінің әулиелік кереметтерімен, аңыздарымен танымал болған тұлғалардың бірі. Оның анасы Айша, Шейх Ибраһимнің халифаларының бірі Мұса Шейхтің қызы болып саналады. Имам Мұхаммед бин Әлидің ұрпақтары Сайрамда қожа деп аталғандықтан Ахмет Яссауиді Қожа Ахмет, Құл Қожа Ахмет Ясауи деп те атаған. Шейх Ибрахимнің Гаухар Шахназ есімді қызынан кейін оның екінші баласы болып дүниеге Қожа Ахмет Яссауи келген.

Ол, алдымен анасынан, содан соң әкесінен айрылады. Гаухар Шахназ көп ұзамай інісін ертіп Яссы қаласына келеді және сол жерге орналасады. Ол, алғашқы білімін осы Яссы қаласында алады. Ол өзінің жастығына қарамастан әртүрлі қырымен көзге түседі. Жас кезінен білім алып араб, парсы тілдерін және Ислам ғылымдарын меңгереді. Біраз уақыттан кейін Гевхер Шехназ ағасын ертіп, Еси қаласына барып, сонда орналасты. Оқуын Есіде бастаған ол жастығына қарамастан кейбір көріністерімен назар аударды. Бала кезінен жақсы білім алып, араб, парсы, ислам ғылымдарын меңгерген.

Аңыз-әңгемелерде Ахмет Ясауидің Хызыр (а.с.)-мен кездескендігі және сахабалардың бірі болып саналатын Арыстан Баппен де кездесіп, одан рухани білім алғандығы айтылған. Арыстан Баптың Яссы қаласына келіп Ахмет Яссауиді тауып алып оған Хз. Пайғамбардың аманат еткен хұрмасын беріп жол көрсетуі, Хз. Пайғамбардың рухани тәрбиесіне негізделеді. Арыстан Баптан тәлім-тәрбие алған Ахмет Яссауи қысқа уақыт ішінде кеңінен таныла бастайды. Арыстан Бап өмірден өткеннен кейін Ахмет Яссауи сол кезеңдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі Бұхараға келеді. Бұл жерде сопы-шейх Жүсіп Хаманданиден білім алады. Ол, Жүсіп Хамаданиден діни және сопылық ғылымдарды үйренеді. Ол, өзінің хикметтерінде Жүсіп Хамаданиге 27 жасында барып сабақ алғандығы айтылғанымен, оның нақты қай жылы екендігі айтылмаған.

Жүсіп Хамадани қайтыс болған соң оның орнына ұстаз Абдуллах Берки, одан кейін шейх Хасан Әндаки, ал одан кейін Ахмет Яссауи келеді. Ахмет Яссауи, Жүсіп Хамаданидің тірі кезінде айтып кеткендігіне байланысты біршама уақыттан кейін өзінің орнына шейх Абдулхалик Гуждуаниді тастап Яссы қаласына кетеді. Сөйтіп өмірінің соңына дейін осы жерде шәкірттер тәрбиелеп, халықты тура жолға шақырады.Деректерге қарағанда, Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде өзінің баспанасының ауласында хылует жасатып, қайтыс болғанға дейін сол жерде құлшылық етумен айналысқан. Туған жылы белгісіз болғандықтан қанша жыл өмір сүргендігі жайлы нақты дерек жоқ. Десе де өзі жасатқан хылуетте 10 жыл өмір сүріп 73 жасында қайтыс болғандығы, ал кейбір деректерде 120 жыл өмір сүріп 1167 жылы қайтыс болғандығы айтылған.

Өлгеннен кейін өзінің әулиелік кереметтерін жалғастырған Ахмет Яссауидің өзінен шамамен екі ғасырдан кейін келген Әмір Темірдің (1336-1405) түсіне кіріп оған жеңістің хабарын жеткізгендігі, Әмір Темірдің де алғыс білдіру үшін оның қабірінің басына кесене тұрғызғандығы риуаят етілген. Екі жылдың ішінде салынып біткен кесене, мешіті мен сопыларға арналған үйі бар орынға айналды. Уақыт өте ескіріп бүлінген кесененің өзбек ханы Абдуллах хан немесе Шәйбани хан тарапынан жөнделгендігі деректерде атап көрсетілген. Ахмет Яссауидің кесенесін жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристер келіп тамашалайды. Әсіресе, Зулхиджа айында Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген туристер бұл жерде діни рәсімдер өткізеді. 

«Диуани Хикмет» Ахмет Ясауидің түркі тілінде жазылған өлеңдер жинағының атауы. «Диуани Хикмет» шығармасының нұсқаларында мазмұнымен қатар тіл жағынан да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл жағдай хикметтердің әр түрлі адамдар тарапынан жазылғандығын немесе құрастырылғанын көрсетеді. Кейбір хикметтер құрастыру барысында уақыт өте келе жоғалған немесе өзгерген, жаңа хикметтер қосылып, негізгі мәтін түпнұсқасынан айтарлықтай алыстап кеткен. Дегенмен, барлық хикметтің негізінде Ясауидің наным-сенімдері мен ой-пікірлері және оның тариқатының ұстанымдары жатыр. Түркі халықтарының арасында маңызы өте зор. «Диуани Хикмет» ескі және жаңа әріптермен бірнеше рет жарық көрді. Бұл басылымдардың ең соңғысы шағатай тіліндегі түпнұсқасымен бірге Хаяти Биценің түрік тілінде жазған хикметтері болып табылады. Бұл еңбек Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан басылып шықты.

Рисале дер Адаб-ы Тариқат- Ахмет Ясауидің шағатай тілінде жазылған Пақырнама шығармасы, «Диуани Хикмет»шығармасының Ташкент және Қазан басылымдарында кездеседі. «Диуани Хикметтің»прозалық жанрда жазылған кіріспесі болып есептелетін Пақырнама, 1977 жылы Кемал Эраслан тарапынан жаңа әріптермен Стамбул университтеті Әдебиет факультетінің Түрік тілі және әдебиеті журналының 22-ші санында (45-120 беттер) мақала түрінде жарық көрді. Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы бұл мақаланы жеке кітап түрінде басып шықты. 

Рисале дер Макамат-ы Ербайын - бұл Ахмет Ясауи тарапынан парсы тілінде жазылған шағын шығарма болып саналады. Бұл шығармада шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқатқа тиесілі он мақам, жалпы қырық мақам мен оның қағидалары берілген. Бүгінгі күнде Күтахия Тавшанлы Зейтиноғлу ауданындағы халық кітапханасында бір ғана нұсқасы сақталған. Бұл еңбек Неждет Тосун тарапынан парсы тілінен түрік тіліне аударылып, Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан «Пақырнама» және «Рисале дер Адаб-ы Тариқат» еңбектерімен бірге басылып шыққан.

Қожа Ахмет Яссауи 1166 жылы қайтыс болған кезде хылует ауласынан 100 метрдей қашықтықтағы жерде жерленіп, оның қабірінің басына кесене тұрғызылады. Бұл кесене тез арада сол аймақта тұратын мұсылмандардың зиярат орнына айналғанымен, көп ұзамай (XIII ғасырдың басында) болған моңғол шапқыншылығының зардаптары бұл аймаққа кері әсерін тигізеді. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орда мемлекетін талқандап, осы өңірді жаулап алған Әмір Темір өзіне моңғол ханының қызы Түкел ханымды әйел етіп таңдап, қалыңдықты әкелуге жолға шығады. Жолда Яссы қаласына аялдап, Ахмет Яссауидің қабірін зиярат етеді. Яссыға жасаған осы сапары кезінде Әмір Темірдің түсінде Ахмет Яссауиді көргендігі, Ахмет Яссауидің оған жеңістің хабарын жеткізгендігі, сол үшін Әмір Темірдің алғыс білдіру үшін оның қабірінің басына кесене тұрғызу бұйырылғандығы риуаят етілген. Кесененің құрылыс жұмыстарымен сол кезеңдегі Түркістан өңірінің ең әйгілі сәулетшілерінің бірі Қожа Хусейн Ширази айналысқан.  

Екі күмбезді төртбұрышты ғимарат болып табылатын кесененің ортаңғы бөлмесінде үлкен тайқазан бар. Жеті металдың қосындысы болып табылатын бұл қазанның айнала шетіне кейбір дұғалар мен қазанды құйған ұста жайлы деректер жазылған. Ертеректе бұл қазанға шәрбат су құйып, Жұма намазынан кейін келушілерге ұсынылып, оның емдік қасиеті бар деп есептелгені айтылады. Бұл қазан 1934 жылы Сталиннің бұйрығымен көрмеге алынып, қайта әкелінбеген. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейіне қойылған. Кейіннен Қазақстан үкіметінің әрекеттерімен 1989 жылы қайтадан кесенеге әкелінді.Үстінде үлкен күмбез орналасқан бұл орталық бөлменің айналасында асхана, мешіт, кітапхана, деруіш бөлмелері, құдық бөлмесі сияқты әртүрлі мақсатта жоспарланған көптеген бөлмелер бар.

Ортаңғы бөлмеде Орта Азия мәдениетінде әулие кесенелерінің символы болып саналатын ұзын найза және есік орналасқан. Бұл есік Ахмет Яссауидің қабірі орналасқан бөлмеге ашылады. Есіктің ішкі жағындағы ағаш оюынан жасалған құйма сақиналардың бірінде оның жасалған күні, яғни хижри 797 (м. 1395) жазылған. Бұл қабір бөлмесінің үстінде шағын күмбез бар. Ахмет Яссауидің қабірі ашық жасыл түсті тастан жасалған. Орталық бөлменің жанындағы кейбір бөлмелерде басқа да мазарлар бар. Бұл жерде XVI ғасырдан бастап қазақтың хандары мен билеушілері жерленген. Кесененің айналасы мен үсті шыны тақтайшалармен безендірілсе, кіре беріс есіктің алдыңғы жағы шыны тақтайшалармен көмкерілмеген. Бұл жағдай Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін кесене құрылысының аяқталмай тоқтап қалғандығын көрсетеді. Тіпті, негізгі кіреберіс есіктің үстіндегі арка бөлігі Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін толық аяқталмай қалған және бұл арканың Бұхара әмірі Абдолла ханның бұйрығымен және қолдауымен аяқталғаны айтылады.

Абдолла хан тұсында тұрғызылған тақтайлардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталған. Кесененің ең үстіңгі жағында айнала сыртын қоршап жазылған Құран аяттары бар. Бұл жерде Әнғам сүресінің 59-63 аяттары жазылған. Сондай-ақ, сыртына тақтайшалармен, куфилік каллиграфиямен «Аллаһ», «Мұхаммед», «әл-Хамду лиллаһ», «Аллаһу әкбар», «Лә иләһә иллаллаһ» сынды жазулар өрнектелген. Кесененің бақшаға қараған бетіндегі шағын кесене, Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы әрі Әбілхайыр ханның әйелі Рабия Сұлтан бегімнің мазары болып табылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 24 рет