Сенбі, 03 Маусым 2023 19:54

ШЫМКЕНТТЕ 36 АВТОКӨЛІК ЖУУ ОРТАЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бауыржан Ильясұлының айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Аталған автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды:

-құрылысты жобалық құжаттамасыз салу (ҚР ӘҚБтК 316-бабы);

-құрылысты авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізу (ҚР ӘҚБтК 321-бабы);

-құрылысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламаны ұсынбай жүргізу (ҚР ӘҚБтК 463-бабы).

2022 жылдан бері Басқарма тарапынан сот органдарына автокөлік жуу орындарына қатысты 14 талап-арыз жіберілді, оның ішінде мәжбүрлеп бұзу туралы 12 талап-арыз;

* Сот шешімімен 8 талап-арыз қанағаттандырылды; (4-уі сот орындаушының орындауында, 4-уі заңды күшіне енбеген).

* 1 талап-арыз қараусыз қалдырылды;

* 2 талап-арыз сотта қаралуда;

* 1 талап-арыз нысанның пайдалануға қабылдау актісінің рәсімделуіне байланысты бас тартылды.

— Заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдау актісі рәсімделгенге дейін нысандарды пайдалануды тоқтату туралы 2 талап-арыз берілген.

* 1 талап-арыз қанағаттандырылды;

* 1 талап-арыз сотта қаралуда.

Аталған заңсыз құрылыс нысандары Шымкент қаласының сәулеттік келбетін бұзады және қаланың инженерлік коммуникация жүйелеріне шамадан тыс жүктеме артады.

Жобалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізілген автокөлік жуу орындары пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта 5 автожуу иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды.

Құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарын алудан бастап, жұмыс жобасын дайындау, пайдалануға қабылдау актісіне дейінгі құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырамыз.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес, құрылыс салушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, сот органдарына мәжбүрлеп бұзуға талап-арыздар жолданатын болады.

—Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталды. 2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылды. Ал 5 автожуу иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды, - деді Б. Аймағамбетов.

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді. Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде.

Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды сақтауға шақырады.

 

Оқылды 300 рет